Қазақтардың ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:59, 2012 ж. қарашаның 11 кезіндегі BolatbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Ұлт-азаттық қозғалыстардың негізгі ерекшеліктері

Ресей империясының үстемдігіне қарсы қазақ халқының ең қуатты қозғалысы 1837—1847 жылдардағы көтеріліс — өзінің сипаты, қозғаушы күштері, негізгі мақсаты жөнінен отаршылдыққа қарсы бұқаралық көтеріліс болды. Көтерілісшілердің сан жағынан артықшылығы, батылдығы кейде олардың жазалаушылармен белдесіп күресуі үшін жеткіліксіз болды. Қазақстандағы көтерілістердің бір ерекшелігі, міне, осында.

Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі мақсаты — ұлтты отарлық езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін, тәуелсіздігін қалпына келтіру. Ұлт-азаттық қозғалыс тек ұлтты азат етумен шектелмеуі мүмкін, шаруалардың жер үшін, халықтың демократиялық дамуы үшін болған қозғалысын да осыған қосуға болады. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс көп қырлы. Ал ұлт-азаттық көтеріліс — ұлтазаттық қозғалыстың бір түрі, ол көп халық қатысқан қарулы түрі. Көбіне онша ұзақ болмайтын, белгілі бір нақты аймақты қамтитын бір оқиға аймақтық шеңберден шығып, қамтитын аймағы ұлғайып бүкілхалықтық дәрежеге көтерілсе, ол ұлт-азаттық қозғалыс, ұлтазаттық революция дәрежесіне жетеді.

Ұлт-азаттық қозғалыстардың кезеңдері

Қазақстан тарихшылары кейінгі уақытта бұған дейін жеке-жеке қарастырып келген ұлтазаттық көтерілістер мен қозғалыстарды енді тұтас қарастыратын болды. Шынында да, Ресей патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы алғашқы көтеріліс нышаны XVIII ғасырдың 70-жылдарында байқалса, сондай оқиғалар біріне-бірі жалғасып, бірі басыла бергенде, екіншісі басталып жатпады ма?

Академик М.Қозыбаев Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды төмендегідей кезеңдерге бөледі:

1 кезең

Сібір жұртын жаулап алуға қарсы қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың азаттық қозғалысы. Оны Ешім даласында Көшім хан басқарды. Сібір халқы шапқыншыларға қарсы 1590—1617 жылдар арасында 30-дан астам қарсылық көрсетті. Көшім хан мен оның балалары Ешім, Абылай, Дәулеткерей орыс мемлекетінің шапқыншыларымен ұзақ жыл арпалысты. Бүкіл түркі тілді қандас халықтар қазақ елінің сұлтаны Мұртазаның баласы Көшімнің әулетін колдап, қол ұшын берді.

2 кезең

Қазақ елінің оңтүстігі — Жетісу, Сыр бойы жоңғарларға, Қоқан, Хиуа хандықтарына тәуелді болды. Ал XVIII ғасырдың бір сәтінде жоңғарлар Сарыарқаның бір бөлігі мен Алтай өңірін, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуды басып алып, халқын бодан етті. Жоңғарлармен соғыс Отан соғысына айналып, ұлт-азаттық қозғалыс үш жүзді одан әрі қабыстырды, біріктірді, бүкілхалықтық дәрежеге көтерді.

3 кезең

Әбілқайыр ханның Кіші жүздің бір бөлігімен Ресей қол астына өтуінен басталады. Мұны өте тез әрі тиімді пайдаланған патша өкіметі қазақ жеріне тереңдей ене берді. Осы мақсатта тек қаруды ғана емес неше түрлі қитұрқы саясатты да пайдаланды. Империяның құрығы қанша ұзын болса да, қазақ даласы тұзаққа тез түспеді. Қазақстанды жаулап алу ұзаққа созылды.

4 кезең

Қазақ даласы таланып, патша өкіметі мен оның қарулы күші — қазақтар жасағы хан, сұлтандармен бірігіп, зорлық-зомбылық мемлекеттік дәрежеде өрбіген кезде ұлт-азаттық қозғалыс та өрши түсті. Бұл кезеңде қазақ сахарасында отарлау саясаты толық қалыптасты. Бүкіл қазақ даласына патша өкіметі өз билігін үстем етті. Хандық билік жойылды. Ен далада жазалаушы отряд сайрандады. Халық тығырыққа тірелді, қазақ мемлекеттігінің соңғы буындары жойылды, шаруалар жерінен айырылып, кұмды, шөлейт далаға ысырылды. Халық басына ауыр күн туды. Сырым Датұлы мен Исатай Тайманұлы көтерілістері осындай жағдайға байланысты шықты.

5 кезең

Хан Кене бастаған ұлт-азаттық қозғалыс лаулады. Он жылдан астам уақытқа созылған бұл қозғалыс үш жүздің басын қосып, Ресейге протекторат негізінде мемлекеттілігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталды, оны халықтың көпшілігі қолдады. Жеңілгеніне қарамастан бұл Еуропаға даңқы жеткен ең ірі қозғалыстардың бірі еді.

6 кезең

XX ғасырдың басында ұлт-азаттық қозғалысын еуропалық бағытпен дамытпақ болған реформатор зиялы қауым бастады. Олар бүкілхалықтық мүддені алға қойды. Федеративті Ресейдің құрамында демократиялық автономия алуды көздеген Алаш елінің буржуазиялық демократия жолымен даму бағытын ұстады. Қазақ зиялы кауымының бір бөлігі — демократия мен дамудың еуропалық бағытын, ал екінші бөлігі социал-демократиялық дамудың радикалды бағытын ұстады.

1916 жылы Қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс революцияға ұласты, 1917 жылы Ресейде Ақпан революциясы басталған сәтте оның құрамдас бөлігіне айналды. 1916 жылдың екінші жартысында отаршылдыққа карсы наразылық Қазақ хандығының негізін қайта калпына келтіруден көрінді. Қазақ даласында хандар сайланды, сардарбектер тағайындалды, әскер құрылды, хан кеңесі, қазылар алқасы, ел бектері, қазынашылар, басқаша айтқанда, билік жүйесі қалыптасты. Міне, осылай қазақ мемлекеттігінің құрамды белгілері қалпына келтірілді. Бұл — Ресейге бодан болғаннан бергі ең ірі қозғалыс. Халық каһарына мініп, өз ерлігін керсеткен 1916 жыл ұлтазаттық қозғалысының ең жоғары шыңы болды.

7 кезең

Ұлт-азаттық қозғалыстар мен 1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазан төңкерісі азаматтық қарама-қарсылықтар кезінде дамыды да, үлкен көтеріліске ұласты. Бұл күшпен ұжымдастыру 370-тен астам шаруалар қарсылығының жеңілісімен аяқталды...<ref>Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық - Алматы: "Мектеп" баспасы, ISBN 9965-36-056-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}