Қазақстан архитекторлар одағы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан архитекторлар одағы– республика сәулетшілерінің ерікті шығармашылық ұйымы. 1935 жылы наурызда құрылған. Қазақстан архитекторлар одағының барлық облыстарда бөлімшелері, жобалау ин-ттарында бастауыш ұйымдары жұмыс істейді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Басшы органы – съезд, съездер аралығында – басқарма. Съездері 1936, 1955, 1959, 1962, 1964, 1966, 1969, 1973, 1978, 1984 жылдары өтті. Басқарма төрағалары: Т.Қ. Бәсенов (1935 – 36), Г.П. Кушнаренко (1936 – 38), М.М. Меңдіқұлов (1938 – 46, 1948 – 55), А.И. Беднягин (1946 – 48), А.А. Леппик (1955 – 59), Е.К. Дятлов (1959 – 65), Р.А. Сейдалин (1965 – 73, 1982 – 88), Ш.Ы. Уәлиханов (1973 – 82), Т.Е. Ералиев (1988 – 93), С.Ж. Шаймерденов (1993 – 96), Қ.Ж. Монтақаев (1996 – 2000), А.И. Рүстембеков (2000 жылдан президенті). Одақтың 14 мүшесіне “Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы” атағы берілген. 42 архитектор КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының, Министрлер Кеңесі сыйлығының, 2 архитектор Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}