Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:24, 2014 ж. сәуірдің 18 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Құқық қорғау органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

Ішкі істер органдарының міндеттері:

  • қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жою;
  • кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылықтардың жолын ашу;
  • өрт қауіпсіздігі жағдайын қадағалауды қамтамасыз ету, өрт сөндіру;
  • жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және оны қамтамасіз етуді бақылау;
  • мемлекеттік және өзге де нысандарды, жеке тұлғаларды қорғау, тұтқындалғандар мен сотталғандарды айдауылдау;
  • Ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Ішкі істер органдарының қызметі — заңдылық, дара басшылық, Ішкі істер органдарының тұтастығы, жариялылық, құқық қорғау, мемлекеттік органдар мен және азаматтармен өзара әрекеттестік қағидаттары негізінде құрылады.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}