Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі (2004- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:50, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36,474-бап).</ref> ҚР Мәдениет министрлігі, ҚР Ақпарат министрлігі және ҚР Туризм және спорт жөніндегі агенттігі оларды ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне біріктіру, туризмді дамыту функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне, ал жастар саясаты саласындағы ҚР Білім және ғылым министрлігіне берілу жолымен қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды, ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және және спорт министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1130 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 42, 538-бап).</ref> министрлік туралы ереже бекітілді, министрліктің Спорт істері комитеті құрылды, ҚР Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шектерде оның құзіретіне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің негізгі міндеті мәдениет, ақпарат, ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, тілдерді дамыту, мұрағат ісі мен құжаттама, кітап шығару, полиграфия, дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады. Министрліктің ведомстволары бар: Ақпарат және мүрағаттар комитеті, Спорт істері комитеті. Министрлік, оның ведомстволары және ведомстволық қарасты ұйымдары министрліктің біртұтас жүйесін құрады.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 ақпандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және және спорт министрлігі Тіл комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 4 ақпандағы № 103 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 6, 53-бап).</ref> министрліктің Тіл комитеті құрылды және оның ведомстволарының құрамына кірді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}