Қазақстан Республикалық Ұланы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:34, 2016 ж. тамыздың 24 кезіндегі Мұхамеджан Амангелді (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Тарихи мемлекеттер

1992 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданы Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы құрылды.

1992 жылы Республикалық ұланға өз қызметіне байланысты мынадай міндеттер жүктелді:

  • Республиканың мемлекеттік билік және басқармалардың жоғарғы органдарын, Президенттің, Вице-Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын Республика аумағында және сырт жерлерде күзету;
  • ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету;
  • шетел мемлекет басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау;
  • мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық тәртібін бұзушыларды тоқтату;
  • ҚР аумағындағы конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату;
  • ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезінде іс-шаралар жүзеге асыру.

1992 жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының алғаш қолбасшысы болып Сейілбек Алтынбекұлы Алтынбеков тағайындалды.

1993 жылдың 21 шілдесінен 1995 жылдың 9 қазанына дейін генерал-майор Төлеген Әнуарбекұлы Үмбетбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды.

1997 жылдың 3 наурызынан 1999 жылдың 9 желтоқсанына дейін генерал-лейтенант Сәт Бесімбайұлы Токпақбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды.

2001 жылдың 14 наурызынан 2001 жылғы 31 қаңтарға дейін генерал-майор Болат Бақытжанұлы Жанасаев Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды.

1999 жылдың 14 желтоқсанынан 2000 жылдың 19 желтоқсанына дейін және 2002 жылдың 31 қаңтарынан 2006 жылдың қаңтарына дейін генерал-майор Болат Ғазизұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы міндетін атқарды.

2006 жылдың 23 қаңтарынан бастап Абай Бөлекбайұлы Тасболатов Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы.

1995 жылдың 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Заң күші бар "Респуликалық ұлан туралы" Жарлыққа қол қойды. Онда Республикалық ұланның тікелей Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатыны және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер құрамына кірмейтіні айқындалды. Республикалық ұлан Елбасы және басқа да күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жоралғылық рәсімдерге қатысады, тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін аса маңызды объектілерді, ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды күзетеді.

1992 жылы 16 наурызда ҚР Президентіне бағынатын жеке әскери құрама және Қарулы Күштердің резерві ретінде құрылды.<ref>1 "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын құру туралы" ҚР Президентінің 1992 ж. 16 наурыздаіы № 673 Жарлығы (ҚР ПАЖ, 1992, № 7, 112-бап). 1992-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер; қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2000 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 71-73 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> ҚР Президентінің 2001 ж. 25 маусымдағы Жарлығымен<ref>2 "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 ж. 22 қаңтардағы № 30 ҚР Президентінің Жарлыгына өзгертулер енгізу туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 25 маусымдағы № 634 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).</ref> Респуб- ликалық ұланның үйымдық құрылымынан жеке рәсімдік батальон мен жеке оқу батальоны шығарылды. ҚР 2004 ж. 8 қаңтардағы Заңымен<ref>3 "Қазақстан Республикасы Президентінің Республикалық ұлан туралы" Заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР 2004 ж. 8 қаңтардағы № 516 Заңы (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2004, № 1, 2-бап).</ref> ҚР Республикалық ұланның мәртебесі және оның міндеттері белгіленді. ҚР Президентінің Республикалық ұланы — ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, ҚР ұлттық қауіпсіздіғін қамтамасыз ететін кұпггерғе жататын және осы Заңмен белгіленген қүзірет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсізідігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. Республикалық ұлан әскери құрама болып табылады. ҚР Республикалық ұланына мынадай негізгі міндеттер жүктелді: ҚР Презңдентінің Күзет қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ҚР Мемлекет басшысының, экс-президенттері мен олардың отбасыларының және ҚР Президенті бекіткен тізбе бойынша мемлекетгің лауазымды адамдарының, сондай-ақ шет елдердің мемлекет, үкімет басшылары және халықаралық үйымдар басшылары ҚР аумағыңда бол- ған кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; тізбесін ҚР Президенті айқындайтын аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ күзетілетін тұлғалардың болуы үшін бөлінген үйлерді, құрылыстарды, ғимараттар мен оған іргелес жатқан аумақгар мен су айдындарын, әуе кемелерін, жер бетіндегі көлікті және су көлігін, олардың тұрған жерлерін күзету; өз қүзіреті шегінде терроризмге қарсы операдияларға қатысу; ҚР Мемлекетгік туы мен ҚР Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; хатгамалық іс-шараларды өткізу кезінде ҚР мерекелері мен салтанаттарында дәстүрлік рәсімдердің атқарылуына қатысу; әскери және төтенше жағдай режимі кезінде ҚР зандарында көзделген тәртіппен іс-шараларды жүзеге асыру жүктелді. ҚР Президентінің 2004 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен<ref>4 "Қазақстан Республикасының Республикалық үланы туралы ережені бекіту туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 28 тамыздағы № 1428 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 31, 419-бап).</ref> ҚР Рес- публикалық ұланы туралы жаңа ереже бекітілді. Республикалық ұланы — ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, әскери құрама болып табылатын, ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және қызметін "Қазақстан Республикасының Республикалық үланы туралы" ҚР Заңына сәйкес жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. ҚР Президенті Республикалық ұланының негізгі міндеттері күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; рәсімдік жоралгыларды атқаруға қатысу; тізбесін ҚР Президенті айқындайтын аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй жайларды күзету; ҚР Мемлекеттік туының және ҚР Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; соғыс және төтенше жағдай режимі жағдайында ҚР заңнамасында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру; ҚР Президенті белгілеген өзге де міндеттер болып табылады.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}