Қазақстандық ғалымдардың табыстары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:01, 2015 ж. маусымның 1 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тіршіліктану ғылымының бөлімі 1946 жылы ұйымдастырылды. Қазақстанда тіршіліктану ғылымының дамуына ірі жетістіктер енгізгені үшін көптеген ғалымдар әр түрлі сыйлықтардың иегерлері атанды. Қазақстан ғалымдары мал шаруашылығын дамытуда, малдың жаңа тұқымын шығаруда көрнекті нәтижелерге жетті. Малдың 10 жаңа, атап айтқанда: қойдың - 4: сиырдың 3, жылқының - 2, шошқаның - 1 қолтұқымдары шығарылды. Мал санын көбейтуде зоотехник, профессор, ВАСХНИЛ академигі, В. А. Бальмонт (1901- 1971) алғашқы отандық етті-жүнді қой тұқымы - қазақтың биязы жүнді қойын шығарды (1946). М. С. Бутарин, Е. А. Большакова, Ә. Е. Есенжолов және А. Ы. Жандеркиндердің басшылығымен отандық етті-биязы жүнді қой тұқымы қазақтың арқар-меринос қолтұқымы өмірге келді (1950). Қазақтың оңтүстік мериносын шығарған бір топ ғалымдар: А. И. Петров, О. Есалисн, Н. А. Маллицкий, Л. И. Цой, A. М. Якушкинаны атауға болады. Республикамызға кең таралған сиырдың етті - тұқымы қазақтың ақбас сиырының авторлары: Б. М. Мусин, Н. 3. Ғалиакберов, М. Ф. Гордиенко, К. А. Акопян: С. Я. Дудин. Қостанай қолтұқымды жылқысын шығарудағы ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор Г. Г. Хитинковтың 6 еңбегін ескермеуге болмайды. Биолог-генетик, биология ғылымдарының кандидаты Н. С. Бутарин (1905-1961) будандастырылған шошқаның қазақ қолтұқымы топтарын шығаруда үлкен үлес қосты. Республикамыздағы ботаника ғылымының және ботаниктер мектебінің негізін қалаушы және ұйымдастырушы, ботаник, биология ғылымының докторы, профессор ҚазССР FA-ның академигі Н. В. Павлов (1893-1971) Ресейдің еуропалық бөлігіне, Кавказға, Байкал сыртына, Камчаткаға, Монғолияға, Орта Азия мен Қазақстанға экспедиция (қосын) жасады. Ол «Қазақстанның өсімдік шикізаттары» еңбегін жазды. Қатал климатқа төзімді өсімдіктерді зерттеген, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, ҚазССР FA және ВАСХНИЛ академигі, ауыл шаруашылық дақылдарының 17 іріктемесін шығарған В. П. Кузъмин( 1893-1973) егістікдақылдардың жаңа іріктемелерін шығарды.

Қазақстанда өсімдік физиологиясын зерттеу ісі ерекше жолға қойылып, өсімдіктің тұзбен улануының биохимиялық тетігін (Л. Қ. Қылышев және оның шәкірттері), кексағыз бен таусағызды физиологиялық тұрғыда зерттеу (А.А. Прокофьев, К. М. Мыңбаев), бидайдың қолайсыз жағдайға төзімсіздігі, түсімділігі, сондай-ақ физиологиялық белсенді заттардың өсімдікке тигізетін әсерін зерттеу (Ф. А. Полымбетова, Л. К. Маманов), темекі будандарының ата-енелік формаларына қарағанда сапасының артық болатынын дәлелдеу (М. Ф. Тамаровский, Ж. Қ. Калекенов, т. б.), жабайы алманың сұрыптау барысында құнды тектік қор екені дәйектеліп, таулы жерлерде алма өсіру жолдарын зерттеу (А. Ж. Жанғалиев, Ж. Жатқанбаев, т. б.) мәселелері жан-жақты тексерілді.

Республикамызда микробиологияны дамытуға Д. Л. Шамис, X. Ж. Жуматов, Н. Қ. Шоқанов, Ү. А Сартбаева, К А. Тілемесова, М. X. Шығаева, A. Н. Илялетдинов, т. б. көп еңбек сіңірді және зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. X. Ж. Жуматов Қазақстанда вирусологиялық зерттеулерді алғаш ұйымдастырып, одан әрі дамытты.

Хамза Жұматұлы Жұматов (1912-1972) вирусолог, медицина ғылымының докторы, профессор, КСРО Медицина ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ҚазССР ҒА академигі, «Тұмау миксовирустарының молекулалық биологиясы» еңбегін жазды.

Қазақстанда жануарлар дүниесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың орта кезінен басталды, соның нәтижесінде сүтқоректілердің 179 түрі, құстардың 479 түрі бар екені анықталып, омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түршелері, сондай-ақ бунақденелілердің - 96, шаянтәріздестердің - 1, былқылдақденелілердің - 6, құрттардың 2 түрі қорғауды қажет ететіні белгілі болып, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді. «Қазақстанның қансорғыш кенелері» монографиясын паразитолог, биолгия ғылымының докторы, ҚазССР ҒА академигі И. Г. Галузо (1899-1977) жазды. Ол Қазақстандағы протозоологиялық ғылымының дамуына тікелей үлес қосты. Қазақстанда ондатрды жерсіндіруде A. А. Слудский, И. А. Долгушин еңбек етті. A. А. Слудский, А. Бекенов, В. А. Фадеев «Бөкендердің санын қалпына келтіру және қорғаудың биологиялық негіздері, оларды Қазақстанның халық шаруашылығына тиімді пайдалану» атты еңбегі жоғары бағаланды. И. А. Долгушин (1908-1966) - орнитолог, биология ғылымының докторы, профессор. Э. И. Гаврилов, A. Ф. Ковшарь, М. Н. Корелов. М. А. Кузьмина, B. Ф. Гаврин, И. А. Долгушин 5 томдық «Қазақстан құстары» монографиясын басып шығарды.

Ғ. Қ. Ерғалиев - геология-минералогия ғылымының докторы, Ақсай мемлекеттік геологиялық қорықшасым (қаумалын) ұйымдастырды (1985). Ғ. X. Ерғалиев, Н. К. Ившин, И. Ф. Никитин, P. А. Борукаев: С. М. Бандалеmoe, В. Ф. Беспалов «Қазақстан төменгі палеозойының стратиграфиясы және палеонтологиясы» еңбегін жазды.

Қазақстанда тіршілік еткен қазынды омыртқалылар мақұлықаты (фаунасы) мен қазынды нәбетатын (Флорасын) зерттеу нәтижесінде (Э. P. Орловская, Б. С. Қожамқулова, Н. М. Мақұлбеков, т. б.) 300-ден астам жылдан бұрынырақ тіршілік еткен жануарлардың 500 түрі (бұлардың 112 түрі жаңа) және 400 өсімдіктер түрі (бұлардың 150 түрі жаңа) анықталды.

Радиобиология саласында да бірқатар мәселелер зерттелуде. Жасуша популяцияларының радиосезімталдығы салыстырмалы түрде зерттеліп, сәулемен емделудің тиімділігін арттыру мақсатында радиомодификация тәсілдері ұсынылады. Ісік төзімділігін кемітуге жағдай туғызатын әсер ретінде ісіктің өсу жылдамдығы мен гетерогендік дәрежесі түбегейлі зерттелуде (С. Б. Балмуханов және оның шәкірттері). Лазерлік сәулені денсаулық сақтау ісіне, түрлі ауруларды емдеуге қолдану жан-жақты зерттелуде.<ref>Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub