Қазақстандағы педология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Қазақстандағы педология - Кеңес үкіметі жылдарында Қазақ республикасы КСРО-ның бір бөлшегі болғандықтан, мұндағы барлық рухани өмір, ғылым мен білім, әдебиет пен мәдениет марксизмге негізделген бір орталықтан бастау алып отырды. Олай болса, сол кездегі басқа одақтас республикалар сияқты, ұлттық идеология деген ұғым сөз болудан қалып, рухани тірліктің бәрі кеңестік идеологиямен суарылатын еді. 1928 жылдың қарашасында Алматыда алғашқы жоғарғы оқу орны ашылғаны белгілі. Ол кейіннен Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты деп тарихқа енді. Осы оқу орны ашылған кезде мұнда бар-жоғы үш кафедра бар еді. Олар: қазақ тілі мен әдебиеті, қоғамтану және педология. Педология кафедрасының басшылығына сол кездегі Қазақстандағы ағарту саласына танымал болып қалған, Санкт-Петербургтегі әскери-медициналық академияны 1909 жылы алтын медальмен бітірген Х. Досмұхамедов тағайындалған болатын. Ол проректор қызметін қоса атқарып жүрген кісі еді.

<ref>Психологиялық энциклопедиялық сөздік</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер