Қазақстандағы дзю-до күресі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қазақстандағы дзю-до күресі, республикада жетекші спорт түрлерінің бірі болып есептелінеді.

Республикалық чемпионаты 1973 ж. бастап өтіп келе жатыр. Алғашқы жылдары М.Әзімбаев, В.Ярославцев, А.Қамқоев, К.Мысықбаев, Б.Жаңбырбаев, И.Вешагуров, ағайынды Жабраил және Исраил Кодзоевтар республиканың атын шығарды. Біраз жылдардан бері республикалық дзю-до күресінің тұңғыш төрағасы С.Жандосов атындағы халықаралық турнир өтуде. 1995 ж. Үндістанның Дели қаласында өткен халықаралық дзю-до бірлестігінің конгресінде қазақстандық жаттықтырушы Р.Байбосынов дүниежүзілік дзю-до бірлестігінің вице- президенті болып сайланды.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер