Қазанқап Байболов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазанқап Дәулетбекұлы Байболов<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>(1889-1945)Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданы Ұзынарық ауылында туған. Ең алғаш өзінің ұстазы Бекасыл әулиеден сауатын ашып, өз бетінше білімін жетілдірген. Қазанғап Бекасыл әулиенің шәкірті ғана емес, қолында өсіп ер жеткен өкіл баласы. Әке шешесі көп жылдар бала көре алмай, кейін келіп Бекасыл әулиге емделіп бала сүйген. Бекасыл Биболатұлы (1822-1915) да көптеген еңбектер жазған ғұлама ұстаз. Әйгілі "Жұлдызнама" теологиялық энциклопедиясының авторы. Бекасыл Биболатұлының "Шеризат - Гүлзат" аңыз кітабының желісімен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Қазанғап Байболұлы екі нұсқада "Шеризат - Гүлзат" дастанын жазып шыққан. Қазанғап араб, парсы, шағатай, тілдерін жетік білген, және бірнеше еңбектерді аударған аудармашы. Шығыс сюжетіндегі қисса-дастандарды көп жаттап, Ташкент, Шымкент, Түркістан өңірлерінде жыршылық өнерімен мәлім болған классикалық хикаяларға еліктеп «Төрт дәруіш», ел ішіндегі жазба аңыздардың желісімен «Еңсегей бойлы ер Есім» (1941 жыл), «Төле бидің тарихы» (1941жыл), “Египет ханы Абдулланың қызы Сайыпжамал” дас­таны (1934 жыл), "Шеризат - Гүлзат" қиссасы (1939 жыл), "Орқа - Күлше" дастаны (1938 жыл), “Орта жүз Дауанасбай Өкірік Найман” дастаны (1934 жыл), “Біздің елдің даңқы туралы” дастаны (1941 жыл), "Қарсы­бай батыр” дас-таны (1943 жыл), сияқты көптеген тарихи дастандардының авторы. Барлық еңбегі ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы. Жалпы қисса дастандарды зерттеп жазу үшін қырық жыл ғұмырын арнаған. Әлі жарияланбаған "Абдулланама" деген дастаны бар. Отан соғысында ерен ерлік көрсеткен Сыпатай Қарсақбаевқа арнап «Сыпатай» поэмасын шығарған. 1943 жылы республикалық айтыста Нартай Бекежановпен жыр сайысына түскен («Айтыс», 3-т.г 1966). Шығармалары ұжымдық жинақтарда, мерзімдік баспа-сөзде жарияланған. «Бау-бақша», «Дайын бол» атты толғаулары халық арасында кең тараған. Ел аралап, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау-мен де шүғылданған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен үш мәрте марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}