Қажығұмар Шабданұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:48, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қажығұмар Шабданұлы (1925 жыл, Таңсық елді мекені, Шығыс Қазақстан облысы - 15-ақпан, 2011 жыл, Шәуешек қаласы, ҚХР) - жазушы.

1930-шы жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған. Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 ж. «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады.

1986 жылы желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді.

Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» (Амнести интернешнл) ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.

Шығармалары

  • «Қылмыс» романы (2009), жалпы алты томдық кесек шығарма, жазушы барлғын қытай түрмесынде бітірген. Бұл шығармасында жазушы бас кейіпкер Біғәділ арқылы өзінің бастан кешкендерін баяндап шығады, 30-жылдарғы казаққа төнген аштық апаты, солақай саясаттың елге төндірген зардабы, Шынжаңға ашаршылқтан, қуғын сүргіннен қашып келген қазақтардың тіптіде мүшкіл қалге түскені, дүңгендер көтерілсі, қытайдың өктемдігі баяндалады. Жазушының бұл кесек шығармасы қазақ адебиетіне қосқан үлкен үлесі.
  • «Пана» романы , үш аймақ көтерілісі кезіндегі Сұлубай батырдың әңгімесін арқау етіп жазылған тарихи роман.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}