Қажым Жұмалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:22, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox Biography Қажым Жұмалиев (Қажығали) – жазушы, ақын, абайтанушы, әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1967, 1946 жылдан корреспондент мүшесі).

Өмірбаяны

  • 1923 – 25 жылы Орынбор ересектер мектебінде, Шымкент ауыл шаруашылық техникумында оқыған.
  • 1932 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі АлМУ) бітірген.
  • 1932 – 37 жылдары Орал педагогика институтында (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекет университеті)
  • 1937 – 68 жылдары ҚазПИ-де сабақ беріп, қазақ әдебиеті кафедрасын басқарды.

Шығармашылығы

Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған.

  • Оның алғашқы өлеңі “Батырақ Ғалиасқар” 1928 жылы “Лениншіл жас” газетінде жарияланды.
  • “Ерғожа мен Егізбай” поэмасы (1929)
  • “Шабуыл” (1933)
  • “Қанды су” (1934)
  • “Өмір жыры” (1938)
  • “Қырдағы күрес” (1957) деп аталатын өлеңдері мен поэмалар жинақтары жарық көрді.
  • Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері “Айқас” деген атпен басылған (1942).
  • “Біржан-Сара” операсы либреттосының
  • “Арбасу” (Ә.Сәрсенбаевпен бірге) атты пьесаның авторы.
  • Қазақ зиялылары туралы “Жайсаң жандар” естелік кітабы жарық көрді (1969). Кітапта С.Меңдешев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, С.Аспандияров, Қ.Сәтбаев, С.Камалов, т.б. шығармашылық портреттері жасалған.

Қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеу

Жұмалиев 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды.

  • 1958 – 60 жылдары 2 томдық “Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері”

1-томына

    • “Қобыланды батыр”
    • “Алпамыс батыр”
    • “Ер Тарғын”
    • “Қамбар батыр”
    • “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”
    • Қыз Жібек
    • “Айман – Шолпан” эпостары туралы зерттеулері енген.

2-томында 19 ғасырдағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы талданған.

  • 2 томдық “Әдебиет тарихы” (1960). Екі томдық “Әдебиет тарихы” кітабында қазақ әдебиеті тарихына кең ғылыми шолу жасалып, 18 – 19 ғасырлардағы жыраулар, ақындар, жазушылар шығармашылығы жан-жақты зерттелген.
  • “Әдебиет теориясы” (1938; 2-бас., 1964, 3-бас., 1969)
  • “XVІ – XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті” (1967) кітаптары ұзақ уақыт бойы респ. жоғары оқу орындарында оқулық ретінде пайдаланылды.
  • Махамбет шығармашылығын бірінші рет кең көлемде зерттеген ғалым. Бұл саладағы қызметін ол ақын өлеңдерін жинап бастырудан бастады (1938). 1948 жылы “Махамбет” атты монографиясын жариялады. Монографияда Исатай – Махамбет көтерілісінің тарихына қатысты тың деректер келтірілген. Ғалым осы тақырыпты зерттей жүріп Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Ығылман Шөрекұлы шығармаларын бірінші болып талдап, ғыл. айналымға енгізді.

Ол Әдебиет және өнер институты даярлаған

  • “Қазақ совет әдебиеті очеркінің” (1948) бас редакторы
  • 6 томдық “Қазақ әдебиеті тарихының” 18 – 19 ғасырлар аралығындағы қазақ әдебиетіне арналған 2-томы
  • 1-кітабының (1960) редакциясын басқарды және оның негізгі авторларының бірі болды.
  • Осы дәуір әдебиетінен орта мектепке (8 – 9 сынып) және жоғарғы оқу орындарына арнап қазақ және орыс тілдерінде оқулықтар жазды.
  • Ғалымның “Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі” (1946) еңбегі абайтануға қосылған үлкен үлес болып қабылданды. Онда Жұмалиев Абайдың өмірі мен шығарм-ғына кең талдау жасады. Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын, тарихи еңбегін, қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы қызметін жан-жақты зерттеді. Бұл кітапқа Н.К. Дмитриев, С.Е. Малов, В.М. Жирмунский, т.б. ғалымдар үлкен баға берді.

Әдебиет теориясына қатысты еңбектері

Жұмалиев зерттеулерінің бір саласы – әдебиет теориясына қатысты еңбектері. Ғалымның бұл саладағы еңбегі 1938 жылы шыққан “Әдебиет теориясы” деген кітабынан басталады. Бұл – қазақ тіліндегі А.Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” кейінгі әдебиеттану терминдерін жүйелеуге арналған екінші талпыныс болатын. Өмірінің соңғы жылдары Жұмалиев әдеби стиль мәселесін зерттеуге ден қойды. Ғалымның бұл ізденістері “Стиль – өнер ерекшелігі” атты кітабына негіз болды. Мұнда ол жалпы әдебиеттегі стиль туралы ұғымды, жазушы стилі жайлы түсініктерді жаңа пайымдаулармен толықтырды. Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, С.Мұқанов, Т.Жароков, Сәрсенбаев, Камалов, Д.Әбілов, т.б. ақын-жазушылардың өзіне тән стильдік ерекшеліктерін талдап көрсетті. Жұмалиев өмірінің отыз жыл уақытын оқытушылық қызметпен өткізді. Қазақ әдебиеттану ғылымы мамандарын даярлауға елеулі үлес қосты.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Қирабаев С., Қажым туралы сөз, кіт.: Шығармалары. 2-том, А., 1992.</ref>

Шығармалары

  • Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. А., 1948;
  • Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері. 1 – 2 т. А., 1958 – 60;
  • Стиль – өнер ерекшелігі. А., 1968.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}