Қабыл Ақбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қабыл Ақбайұлы (1883 жыл, Қытай, Суыр тауы - 1953 жыл, Сарысүмбе) - би, тәйжі. Керей тайпасының меркіт руынан шыққан.

Өмірбаяны мен ағартушылық қызметі

Мұсылманша оқып сауат ашқан. Кейін, Қазан, Уфа қалаларында шыққан кітаптармен танысып, білімін өз бетінше толықтырған. 1933 жылы өзі оқыған Жәке медресесін қайта салдырып, жанынан жаңаша оқытатын үш сыныптық мектеп аштырған. Шәкірттерге арнап Қазақстандағы Зайсан қаласынан 3000 дана оқулық алдыртқан. Бұл мектеп 1944 жылға дейін Алтай аймағындағы негізгі білім орталығы болып, 200-ге тарта шәкірт тәрбиелеп шығарды. 1944 жылы жазда Оспан батыр көтерілісі кезінде қытай әскерлерінен қашқан Жеменей ауданының тұрғындарымен бірге Қазақстанның Зайсан өңіріне келіп қыстады.Сол жылы күзде Қазақстанның сауда халық комиссары Ілияс Омаров, Қабылдан Алтайда тұратын қазақ рулары жөнінде көптеген деректер жазып алған. Бұл жазбалардың бір бөлігі М.Әуезовтың мұрағатында сақтаулы. Қабыл бидің өлеңдері, билік сөздері ел аузында көп сақталған. <ref> Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References