Қабылбек Төретай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Қабылбек Төретай - 1950 жылы 13 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылында туған. Қазақ. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1978), журналист. «Қазығұрт- Қайнарбұлақ» (1993), «Жан шуағы» (1995), «Қаракөз қалқам» (2005), «Арғымақ алауы» (2009) өлеңдер жинақтарының; «Басбасына би болғаннан сақтасын» (1994)мақалалар жинағының; «Күнәсіз махаббат», «Жұлынқұрт», «Безберіш», «Бюро», «Жаңартаулы Желтоқсан», «Мөлдір мұң», «Жаман жәутік» әңгімелерінің авторы. БАҚ-та мұрағат ісін дамыту жөнінде мақалалары мерзімді түрде жарияланады, радио мен теледидардан жарық көреді. Қазақ, орыс және өзбек тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).

  • 1968 жылдан - «Қазмеханмонтаждау» тресінің Шымкент монтаждық басқармасының слесарі-құрастырушысы.
  • 1969 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1971 жылдан - Шымкент монтаждық басқармасының «Қазмеханмонтаждау» тресінің 2-ші разрядты слесарі-құрастырушысы.
  • 1972 жылдан - Шымкент шаруашылық есептік учаскесі жөндеу-құрылыс басқармасының 2-ші разрядты бетоншысы.
  • 1976 жылдан - «Фосфор» ӨБ «За Фосфор» зауыттық көптиражды газеті редакторының орынбасары.
  • 1977 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің дәріскерлер тобының меңгерушісі, дәріскері.
  • 1981 жылдан - «Фосфор» ӨБ партия кабинетінің меңгерушісі; Қазақстан Компартиясы Еңбекші аудандық комитеті үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы, аудандық комитеті партия кабинетінің меңгерушісі.
  • 1986 жылдан – Қазақстан Компартиясы облыстық комитеті Саяси ағарту үйінің кеңесшісі.
  • 1990 жылдан - Қазақстан Компартиясы облыстық комитеті жалпы бөлімінің нұсқаушы-аудармашысы.
  • 1991 жылдан - облыстық Халық депутаттар кеңесінің әлеуметтік-мәдени кешен және ұлтаралық қатынастар бөлімінің ұлтаралық қатынастар секторының меңгерушісі; баспасөз-хатшысы.
  • 1992 жылдан - Шымкент қаласы Дзержинск аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары; Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілік басшысы аппаратының

әлеуметтік-мәдени кешен бөлімінің меңгерушісі, жалпы бөлімнің меңгерушісі.

  • 1997 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттар басқармасының бастығы.
  • 1999 жылдан - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі Мұрағаттар мен құжаттама бөлімінің бастығы.
  • 2005 жылдан бері - Оңтүстік Қазақстан облысы Мұрағаттар мен құжаттама басқармасының бастығы. ҚР Жазушылары мен журналистері одағының, облыстық

ономастикалық комиссия мүшесі. Облыстық ақын-импровизаторлар қауымдастығының төрағасы. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтой медальдарымен; ҚазКСР Жоғары Кеңесі Президиумының, ҚР грамоталарымен марапатталған. ҚР Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетінің Алғыс хатымен ескерілген.

Әскери атағы - запастағы сержант.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның гүлденуі».
Хоббиі - өлең жазу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - классиктер мен замандастардың өлеңдері, публицистика, күлкілі оқиғалар.

Үйленген. Жұбайы - Бекмырза Сұлушаш Бекмырзақызы (1952 жылы туған), Қ. А. Иассауи атындағы ХҚТУ доценті. Ұлдары - Сырым (1974 жылы туған), Мерей (1982 жылы туған); қызы – Назым (1976 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub