Қабылбек Сарымолдаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:14, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Қабылбек Сарымолдаев (20.2. 1898, Меркі ауданы Сарымолдаев ауылы – 28.2.1938) – мемлекет қайраткері.<ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Өмірбаяны

Сарымолдаев Қабылбек - 1938.20.02 Жамбыл облысы Мерке ауданы ойтал посёлкасында туған. Қазақстанның партия, совет қызметкері, "Әулиеата" Совет өкіметін орнатуға белсене қатысушы. 1918жылдан Комсартия мүшесі. 1915-1916 жылдары почта тасушы.1917-1918 Әулиеатада партия, совет қызметтерінде істеді.Рев.әскери комитетінің председателі,1920-1923 жылдары Орынборда Қаз АССР-і Ішкі істер холкомының орынбасары.1923-1925 ж Ташкент облыстық аткомының председателі. Хорезм республикасы Халкомсовы председателінің орынбасары және Жұмысшы шаруа инспекциясының халкомы,Ташкентте КазАССР сауда өкілдігі басқармасының бастығы.1925-1933 КазАССР Халық ш. Орт.Советі Президиумның мүшесі председателі, республика Жоспарлау комиссиясының председателі, жер шаруашылығы халкомы.1933-1937 ж Шығыс Қазақстан облысы аткомының,Торғай аудандық аткомының председателі, КазАССР Тамақ өнеркәсібінің халкомының орынбасары.1948 ж Түркістан ОАК-нің мүшесі. Әулиеатада 4 жылдық училищені бітірген (1914). 1915 – 17 жылы пошта тасушы. 1916 жылы «Қазақ жастарының революциялық одағы» ұйымының жұмысына қатысты. 1918 жылы уездік революциялық-әскери комитеттің төрағасы. Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшесі. 1919 жылы Әулиеата уездік атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Осы жылы 27 қыркүйекте өткен Әулиеата уезі мұсылман коммунистерінің 1-съезінде уездік партия комитетінің хатшылығына ұсынылды. 1920 – 23 жылы Орынборда Қазақ АКСР Ішкі істер халық комиссарының орынбасары, Алматы облыстық революциялық-әскери комитеттің төрағасы, 1923 – 25 жылы Ташкент облысы атқару комитетінің төрағасы, Хорезм Республикасы Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары және Жұмысшы-шаруа инспекциясының төрағасы, Ташкентте Қазақ АКСР сауда өкілдігі басқармасының бастығы. 1925 – 33 жылы Қазақ АКСР халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының мүшесі, оның төрағасы, Жоспарлау комиссиясының төрағасы, Егіншілік халық комиссары. 1933 – 37 жылы Шығыс Қазақстан облысы атқару комитетінің, Торғай ауданы, атқару комитетінің төрағасы, Қазақ АКСР Тамақ өнеркәсібі халық комиссарының орынбасары. 1938 жылы «халық жауы», «жапон империалистерінің тыңшысы» деген айыппен кеңестік қуғын-сүргінге ұшырап, ОГПУ «үштігінің» шешіміне сәйкес ату жазасына кесілді.

Жетістіктері

Меркі ауданында Сарымолдаев есімі ауылға берілген. Меркіде оның атында көше бар. Тараз қаласында оның атымен мектеп, көше аттары қойылған.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қабылбек Сарымолдаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}