Қабиболла Қабенұлы Жақыпов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:07, 2017 ж. сәуірдің 7 кезіндегі Kaiyr (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Қабиболла Қабенұлы Жақыпов.JPG
Қабиболла Қабенұлы Жақыпов

Қабиболла Қабенұлы Жақыпов (16 қыркүйек 1949 жылы туған, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — мемлекеттік қызметші, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаян

  • Еңбек жолын аудандық байланыс торабының электромонтері ретінде бастаған.
  • 1972 жылы Ақмола инженерлік-құрылыс институтын бітірген.
  • 1972 жылдан аудандық құрылыс мекемелерінде прораб, инженер, бас инженер, «Оралұжымшарқұрылысы» тресінде бас инженер.
  • 1979 жылдан Орал қалалық, кейін аудандақ партия-кеңес орындарында еңбек етті.
  • 1991-1992 жылдары Орал қалалық атқару кеңесінің төрағасы
  • 1992-1993 жылдары Орал қаласының әкімі
  • 1993-2000 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі
  • 2000 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары болып тағайндалды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
  • 2003 жылдан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатындағы өкілі.
  • 2007 жылдан – төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.
  • 2012 жылдың қаңтар айынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халық-тық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
  • 2012 жылдың қыркүйегінен – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып сайланды.
  • 2014 жылдың 3 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

Марапаттары

  • «Құрмет» (1999)
  • «Парасат» (2009)
  • II дәрежелі Әулие Даниил ордендерімен марапатталған.
  • ҚР Құрметті құрылысшысы.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Жақыпова Баян Сейсенқызы (1949 жылы туған). Ұлдары - Жақыпов Жаслан (1974 жылы туған), Жақыпов Аслан (1977 жылы туған). Немерелері - Темірлан (1998 жылы туған), Ерлан (2001 жылы туған), Алан (2002 жылы туған), Дана (2004 жылы туған), Мәдина (2007 ж.т.), Лаура (2008 ж.т.).<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>