Ғұрып

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ғұрып - ежелден орныққан әдеттік ұстанымдар мен нормалардың, ырымдар мен тыйымдардың социумдық қажеттілікке байланысты дағдылы қалыппен және ретпен атқарылатын ұжымдык іс-әрекет арқылы көрініс беруі. Әдеттік ұстанымдар мен нормаларды өз кезегінде дәстүрлі дүниетанымның ілкімді принциптері мен тәсілдерінің, әсіресе, наным-сенімнің категориялары мен ұғымдарының «қолданбалы» (іс-әрекеттік) модельдері деуге болады. Яғни іс жүзінде әлеуметтік мәнді мәселелерге байланысты ру-қауым мүшелерінің іс- әрекеті мен мінез-құлкының ұстанымдары, принциптері мен нормалары болып табылады. Ғұрыптың социумның барлық салаларына қатысы бар. Оның құрылымдық және функционалдық жағынан алуан түрлі болып келетіндігі сондықтан. Осыған орай мал шаруашылығына қатысты ғұрыптарды, кәсіпшіліктің ұсталық, зергерлік, ершілік, емшілік және т.б. сияқты салаларына байланысты ғұрыптарды, сондай-ақ дәстүрлі календарлық және метеорологиялық ғұрыптарды айтуға болады. Дегенмен этностың тіршілік цикліне байланысты, яғни нәрестенің дүниеге келуіне, келін түсіруге, қыз ұзатуға, өлікті жөнелтуге қатысты ғұрыптарды сонымен бірге отбасында атқарылатын циклдік және ахуалдық ғұрыптар тобын көшпелі этномәдени ортадағы ғұрыптар жүйесінің ядросы ретінде қарастыру қажет. Әрбір ғұрыптың ежелден орныққан өзіндік ұйымдастырылу және атқарылу реті қалыптасты. Мысал ретінде көшпелілердің тіршілік циклі ғұрыптарының ішіндегі ең көрнектісі әрі ауқымдысы ас беру ғұрпының дәстүрлі ұйымдастырылу және атқарылу ретін айтуға болады. Қазақ даласының барлық өңірлерінде ас беру үрдісі жалпы этникалық тәртіппен атқарылып отырғандығын тарихи этнографиялық мәліметтердің барлық категориялары айғақтайды. Ғұрып атаулының негізгі функциясы - қоғамдық қатынастардың ежелден орныққан құрылымдық және функционалдық ритмін қамтамасыз ету. Яғни «ата-баба жолының» ілкімді принциптерінің, нормаларының және ұстанымдарының қалыпты қызметін символдық (ғұрыптық) тәсілмен реттеп отыру болып табылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғұрып|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}