Ғұлам Жәлелов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:22, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ғұлам Жәлелов (1891, Панфилов ауданы, Жаркент кенті — 5 мамыр 1995, Алматы қаласы) — ұйғыр актері, Ұйғыр музыкалық комедия театрының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисті (1945).

Өмірбаяны

Өнердегі жолын 20 жылдары Жаркент қаласындағы көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан бастады. 1934-1972 жылдары Ұйғыр музыкалық комедия театрының актері.

Ойнаған рольдері

Ол негізінен өткір мінезді рөлдерде ойнады. Олардың қатарында Сұлтанбай (Д.Асимов пен ауылы Садыровтың "Анарханында"), Аламатхан (С.Абдулланың "Таһир мен Зүһрасында"), Мазамхан (А.Макпыровтың "Садыр Палуанында"), Хекилдар (И.Саттаров пен В.И.Дьяковтың "Ғарип пен Сәнәмында"), Домұла (Ж.Босақовтың "Иірімінде"), Қазы (Х.И.Хамзаның "Майсараның айласында"), Грициан (Б.А.Александров пен Л.А.Юхвидгің "Малиновкадағы үйлену тойында"), Яичница (Н.В.Гогольдің "Үйленуінде"), Антип (М.Горькийдің "Зыковтарында"), т.б. бар.

Бірнеше киноға түскен (1961 жылдан).<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}