Ғылым және жастар (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

07:58, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ғылым және жастар - Мәскеудегі КСРО Ғылым Академиясы баспасынан 1958 жылы орыс тілінде жарық көрген кітап. 4 бөлімнен тұрады. Еңбек комсомолдың 40 жылдығына арналған. Жастардың отандық ғылымды дамытудағы рөлі, партия мен үкіметтің ғылыми шығармашылыққа көзқарасы, аға буынның жастарға жасап отырған қолдауы, алдына қойылған мақсаттар мен міндеттері кеңінен айтылады. Үлкен бір бөлімдегі очерк жас ғалымдарға арналған.

Кітаптың 3-бөлімінде академик Қаныш Сәтбаевтың «Ғылымның барлық күші коммунистік құрылысқа» атты мақаласы берілген. Онда жастардың республиканың экономика және мәдени дамуындағы алатын үлкен орны атап көрсетіліп, Шымкент қорғасын, Балқаш мыс балқыту, Қарағанды металлургия зауыттары мен Бұқтырма СЭС-індегі қажырлы еңбектері айтылған. Республикадағы ғылымның дамуына дарынды жастардың тигізіп отырған әсері автордың назарынан тыс қалмаған. Көлемі 29,6 баспа табақ. Таралымы 50 мың дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғылым және жастар (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}