Ғарыштық психология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:05, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Ғарыштық психология - шетсіз, шексіз әлем кеңістігі жағдайындағы адамның көңіл күйі мен ерік-жігерінің, қажыр-қайратының төзімділігі мен шыдамдылығын, ғарышта ұшу кезіндегі салмақсыздық күйге түскен ғарышкердің ерекшеліктерін зерттейтін еңбек психологиясының бір саласы. Ғарыштық психология ғарышкер іс-әрекетінің әр түрлі экстремалды факторларға тәуелділігін (салмақсыздық, гиподинамикалық, салыстырмалы сенсорлық депривация т.б.), сондай-ақ ғарышқа ұшуға дайындық, яғни түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізудің психологиялық мәселелерімен айналысатын сала. Ғарыштық психология мәселелерін зерттеу — Байқоңырдай атышулы орбиталық станциясы бар Қазақ еліне де аса қажет. Ғарыштық психология авиация психологиясы және дәрігерлік экспертизамен тығыз байланысты.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}