Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ғарасат күні"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Ғарасат күні - ислам дінінің түсіндіруі бойынша о дүниеде қайта тірілген адамдардың Алланың алдында жауап беруі үшін жиналатын жері, орны, мақшар. Бұл дүниеден озған адамның бәрі ғарасатқа аттанады. Мұндай орынды ғарасат майданы (майдан деген көне сөз «алаң», «орын», «жер» дегенді білдіреді), ал жауап беретін күнді ақырет күні, қиямет-қайым күні деп атайды. Ғарасат күні майданында әрбір адамның жақсы-жаман істері таразыланады, ақ-қарасы тексеріледі. Ол үшін Мұхаммедтің (с.ғ.с.) әрбір үмбеті шариғат бойынша ақыреттің қамын жеуі керек: ораза ұстап, намаз оқып, құрбандық шалып, пітір-садақа беру сияқты мұсылмандық парыздарын орындайды.

Ғарасат күні бүкіл дүние астан-кестен болып, өлгендер қайта тіріліп, мақшарға (ғарасатқа) жиналады. Жиналған адамдардың бәрі тіп-тік, түрегеліп тұрады. Солай тұрып, жауап береді. Ғарасат майданында жанып тұрған от болады. Оны ғарасат оты дейді. Әркім өз ісіне жауап береді. Бұл күні біреуге біреу ара түсе алмайды. Пайғамбарлардың ішінен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың араласуымен мұсылмандардан жауап алынып, қолданылатын жаза түрі белгіленеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғарасат күні|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}