Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:33, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов (1 қыркүйек, 1964 жыл, Алматы) — саясаткер, дипломат, қоғам қайраткері, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі.<ref>Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі болып Ғалым Оразбақов тағайындалды</ref>

Өмірбаяны

Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов 1964 жылдың 1 қыркүйек күні Ізбасар Оразбақұлы мен Райхан Төленқызының отбасында, Алматы қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолы және білімі

1986 жылы Қазақ политехникалық институтын машинажасау мамандығы бойынша тәмәмдап, инженер-механик біліктілін алған.

Еңбек жолын "Поршень" зауытында диспетчер ретінде бастап, бюро бастығы, зауыт комсомол хатшысы ретінде жұмыс істеген.

1988 жылы Алматы қаласы ЛКСМК Әуезов аудандық комитетіне екінші хатшы ретінде сайланады.

1990 жылы Эталон зауытында конструктор, сосын шебер ретінде қысқа мерзім жұмыс істейді.

1990 жылы Алматы қаласы ЛКСМК Әуезов аудандық комитетіне бірінші хатшы ретінде сайланады. Бұл қызметте 1991 жылға дейін қызмет етеді.

1992 - 1993 жылдар аралығында Әуезов ауданының әкімшілігінде бөлім бастығы ретінде қызмет атқарады.

1994 - 1995 Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің аппаратындағы Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат Мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы және басқарма бастығы ретінде жұмыс істейді.

19951996 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің орынбасары.

19961997 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының меңгерушісі.

199798 жж. Көлік және коммуникация министрлігінің Экономикалық саясат, инвестиция және сыртқы байланыстар жөніндегі департаментінің директоры, Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация қызметі мен әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы-вице-министр қызметтерін атқарған.

199899 жж. «Қазақойл» ҰМК әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті, директоры, атқарушы директоры.

200001 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

200102 жж. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрі.

200203 жж. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі.

2003 ж. шілдеден «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы ААҚ президенті.

2007 ж. қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.

2008 ж. сәуір айынан Израиль Мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі.

2012 жылдың мамыр айында Қазақстан Республткасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Жанұясы

  • Әкесі - Оразбақов Ізбасар Оразбақұлы (1941 ж.т.)
  • Анасы- Оразбақова Райхан Төлегенқызы (1942 ж.т.)
  • Жолдасы - Оразбақова Индира Маратқызы
  • Қыздары - Зере (1990), Томирис (2005)
  • Ұлы - Темірлан (2005)

Дереккөздер

<references/>