Ғажайып аңдар және олардың мекені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:09, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Инфобокс{{#if: ||}} Ғажайып аңдар және олардың мекені (Үлгі:Lang-en) — Джоан Кэтлин Роулинг жазған, 2001 жылы Блумсбери баспасында шығарылған кітап. Гарри Поттер романдар сериясында бұл кітап Сиқырлы мақұлықтарды бағу пәні бойынша оқулық болып табылады.

12 Қыркүйек 2013 жылы Джоан К. Роулинг өзінің ресми facebook-тіркелгісінде кітап желісі бойынша фильм түсірілетіндігін жария етті.

Ойдан шығарылған кітап

Ғажайып аңдар және олардың мекені — Гарри Поттерге тиесілі атақты сиқыржануартанушы Ньют Скамандер жазған кітаптың көшірмесі.

Кітапта сиқыржануартанудың тарихы қарастырылған, "ғажайып аң" және "ғажайып жаратылыс" терминдеріне анықтамалар берілген, айырмашылықтары көрсетілген, сиқырлы аңдарды маглдардан жасыру тарихы суреттелген, Сиқыр Министрлігі қабылдаған аңдардың жіктелуі келтірілген, әлем бойынша табылған әртүрлі 75 түр суреттелген. Кітапта бар мәліметтерді Скамандер көп жылдар бойы бақылау әрі 5 құрлықты аралау арқылы жинаған. Кітап Хогуартстың бірінші курс студенттері үшін міндетті оқу құралы болып табылады. Бұл кітаптың кіріспесін Альбус Дамблдор жазған.

Кітаптың көрікті ерекшелігі — Гарри мен Рон қалдырған жазбалар мен белгілер. Осылайша, мысал үшін, біз Хогвартстың Шотландияда орналасқанын білеміз.

Ньют Скамандер

Ньют Скамандер — ойдан шығарылған кітап жазушысы, 1897 жылы туған. Кітаптың "Жазушы туралы" бөлімі бойынша, Скамандер өз таңдауы бойынша сиқыржануартанушы болған, ал оның анасы Хиппогриф селекционері болған.

Хогвартсты бітірген соң Скамандер Сиқыр Министрлігінде Сиқырлы қауымдалыстарды реттеу және бақылау бөлімінде жұмыс істейді. Сосын екі жыл үй элфтерін тіркеу бөлімінде жұмыс істейді, 1947 жылы бөрадамдардың тізілімін жасаумен айналысқан. 1965 жылы сынақ ретінде төлдетуге тыйым салды. Екінші дәрежелі Мерлин орденіне лайықты деп танылады.

Зейнетке шыққан соң, Дорсетте әйелі Порпантина және баласы — үшеуі тұрады.

Экрандалу

Warner Bros. киностудиясы осы кітап бойынша фильм түсіретіні 2013 жылы белгілі болды. Сценарийін Роулингтің өзі жазады. Фильмге серияның негізгі қаһармандары оралмайды, бірақ оқиға сол әлемде орын алады. Әрекет Нію-Йоркте кітап жазушысы Ньют Скамандермен болады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер