Ғабдол Сланов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Ғабдол Сланов (Үлгі:Туғанкүні, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы - Үлгі:Қайтысболғанкүні, Алматы) - жазушы.

  • 1928 — 31 ж. Мақат мұнай кәсіпшілігінде, Қазақстан Жер халық комиссариатында қызмет етті.
  • 1931 - 57 ж. Қазіргі "Егемен Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің директоры, "Қазақ әдебиеті" газетінде қызмет еткен. Алғашқы өлең, фельетон, очерктері баспасөзде 30-жылдары жариялана бастады. Тұңғыш "Арман ағысы" повесі
  • 1940 ж. жарық көрді. Ауылдағы әлеуметтік өзгерістерге арналған "Дөң асқан" (1941, орыс тілінде - 1965), Атырау мұнайшыларының 2-дүниежүзілік соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегін суреттейтін "Жанартау" (1945) романдары басылды. Соғыстан кейінгі ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін көрсететін "Кең өріс" повесін (1949) қайтадан өңдеп, толықтырып "Шалқар" романына (1953; орыс тілінде - М., 1953) айналдырды. Бұл романда 50-жылдардағы ауыл еңбеккерлерінің сан алуан бейнесі жасалды.

Ғ.Сланов ұзақ жылдар бойы Қарғалы шұға комбинатының өмірін зерттеп, Жетісу өңірінде көп ұлтты жұмысшы табының қалыптасу тарихын бейнелейтін "Acaу арна" (1963; орыс тілінде - 1971) романын жазды. Өнер тақырыбын сөз ететін "Домбыра күйі - Ақиық" (1960), ауыл өмірінен алынған "Қызбел" (1960) повестері жарык көрді. "Айқайтас" атты аяқталмаған романы жазушы шығармаларының 6 томында жарияланды. Әр алуан тақырыпқа арналған көптеген очерктері "Өмірдің асқар биігінде" (1940), "Бесжылдық өрендері" (1951), "Замандастар" (1958), "Азамат" (1966), "Замана шежіресі" (1970), "Алтай баласы" (1973) жинақтарында жарияланды. "Махамбет" атты пьесасы (1956) республика театрлары сахналарында қойылды. Жекелеген шығармалары орыс тіліне аударылған. А.Фадеевтің "Жас гвардия" романын (1947) қазақ тіліне аударды. "Құрмет белгісі" (1945) орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}