Яшкурова Өріс Яшүкірқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

22:12, 2014 ж. мамырдың 28 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Яшкурова Өріс Яшүкірқызы1949 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1973 жылы Алматы қаласында С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін "журналист" мамандығы бойынша бітірген.

Университетті бітіргеннен кейін 1973-1976 жылдарда Қызылорда облысының аудандық "Сырдария" газетінде бөлім меңгерушісі, 1976-1997 жылдарда Торғай облыстық телерадиокорпорациясында аға қызметкер, комментатор, бөлім меңгерушісі, 1997-2002 жылдарда елордасы – Астана қаласында "Астана ақшамы" газетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2002 жылдың 20 мамырынан ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде Баспа бағдарламасын қалыптастыру бөлімінде бас маманы болып қызмет етіп келеді.

Мемлекеттік қызмет өтілі жиырма бес жылдан асады.

Ө.Яшүкірқызы республикалық мерзімді баспасөз беттерінде шығармашылығымен танымал журналист. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. "Айна көңіл" (1993 ж.), "Боямасыз өмір" (2003 ж.) атты кітаптардң авторы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}