Юань

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:26, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Юән (жалпы: 元; Үлгі:Zh-tsp; Wade-Giles: yuen; дәлме-дәл «дөңгелек») — қытай тілінде пұлдың жалпы атауы. Мысалы АҚШ доллары Мейюән (美元) болады. Бірақ, халықаралық ортада, юән бірнеше қытай пұл бірліктеріне қатысты, соның ішінде женминби (CNY) және Жаңа Тайвань доллары (TWD) кіреді.

Бір юән 10 жәу (角) дегенге бөлінеді немесе ауызша мау (毛). Бір жәу 10 фын (分) дегенге болінеді. Шәңғаң және Мақау аумақтарында кең жайылған юе тілінде, жәу және фын дегендер хо (毫) және сін (仙) деп аталады. «Сін» сөзі Үлгі:Lang-en дегеннен шыққан.

ЮаньҚытай Халық Республикасының ақша өлшемі, 10 цзаоға және 100 фыньге тең. Юань түріндегі алғашқы мыс мәнеттер 6-ғасырда шекілген. 1933 ж. юань Қытайдың бірыңғай ақша өлшемі болып жарияланды.

Тектесуі

Чиң әулеті дәуірінде Қытайда күмістен дөңгелек шақа шығару бастаған, содықтан шақалар юән («дөңгелек») деп аталып кеткен.

Қытай сандары сияқты, юән таңбасы екі түрде: жоралауы кем — 元, және жоралауы артық — 圓 не 圆, соңғысы боямалық пен есеп қателіктен сақтану үшін пайдаланылады. Жапон ені түпнұсқа түрінде бұрын 圓 деп жазылған, бірақ соңра 1946 ж. тойо кандзи жарияланған бойынша жайдақтап 円 таңбасымен жазылып кетті. корей уоны Екінші Дүниежүзілік соғыстан соң 圓 таңбасымен белгіленген және де 圜 таңбасымен — 19021910 жж., бірақ ағымда екі корей мемлекеттерінде тек былай — 원 хангүл арқылы жазылады. Қытайша жазғанда Шәңғаң доллары және Мақау патакасы юән деп жазылады.

Қытай мен Тайвань дүкендерінде бағаларды сандардың соңынан қойылған 元 таңбасымен белгілейді. Тағы да Қытайдың өзінде, сандардың алдында қойылған ¥ латын нышанымен (қазақша екі таяқшасы бар Ұ әрпіне уқсас) белгіленеді.

Қытайша юән сөзі бір буынды екпінмен айтылады, /йен/ дегенге жақын. Қытайдың көп аумақтарында ауызша қуай (Үлгі:Zh-tspl) деп те айтылады.

Тағы қараңыз


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Юань|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

cs:Jüan de:Yuan hu:Jüan ja:元 nl:Yuan pl:Yuan zh:元