ЮНИСЕФ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЮНИСЕФ немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры, — БҰҰ-ның негізгі мекемелерінің бірі,екінші дүние жүзілік соғыс тауқыметін тартқан Еуропа балаларына көмек қоры. 1946 ж. 11 желтоқсанда 2-дүниежүзілік соғыстан тікелей зардап шеккен елдердің балаларына көмектесу үшін уақытша ұйым ретінде құрылған. Алғаш “Балаларға көмек көрсететін халықаралық төтенше қор” деп аталды. 1953 ж. Бас Ассамблеяның шешімімен ол БҰҰ құрылымының бір жүйесі ретінде бекітілді. БҰҰ Балалар қоры тек соғыс зардабына ұшырағандар ғана емес, сонымен бірге ашаршылық пен індет жайлаған, босқыншылық көрген елдердің балаларына да қол ұшын береді. Қордың басқарушы органы — Басқармасы 3 жылға сайланады. Қор Хатшылығын БҰҰ-ның Бас хатшысы тағайындайтын атқарушы-директор басқарады. Қазіргі кезде БҰҰ Балалар қорына 50-ден аса мемл. мүше. Штаб-пәтеріНью-Йоркте. 1994 ж. Қазақстанда БҰҰ Балалар қорының өкілдігі құрылды. 1995 ж. мамырда Қазақстан үкіметімен бірлесіп, әлеум. және экон. қайта құру жағдайында балалар мен аналарды қорғаудың 5 жылдық бағдарламасын жасады. Бұл кешенді бағдарламаның негізгі бағыттары — ана мен бала денсаулығын сақтау, бастауыш білім беру ісін жетілдіру, экологиялық-санитарлық көмекті дамыту, ана мен бала құқығын қорғау шараларын жүзеге асыру. Қор Қазақстанда “Арал теңізі: региондық және техникалық көмек жобасы” атты кешенді шараларды ұйымдастырып, аймақ тұрғындарына көмектесу мақсатында жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ БҰҰ Балалар қоры дәрі-дәрмекпен, мед. құрал-жабдықтармен және мектепті негізгі керек-жарақтармен, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету ісінде көптеген қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс жасап отырады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref> 1965 ж. қорға балалар үшін жүргізген қызметіне орай Нобель бейбітшілік сыйлығы берілді. Негізгі мақсаты: ана мен баланың денсаулығын қорғау, тамақтандыру, сумен жабдықтау, санитария, білім беру, балалардың мүдделерін қорғау. Қор тек қана ерікті қайырымдылық есебінен жұмыс жасайды. Мұндай қайырымдылықтың басым бөлігі үкіметтерден, қалған қаражат жеке тұлғалар мен компаниялардан түседі. ЮНИСЕФ әлемнің 100-ден астам елінің балаларына көмек көрсетеді. БҰҰ-ның балалар қоры мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасындағы негізгі келісімге 1994 ж. 25 қарашада қол қойылды. ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Үкіметімен бірлесіп жасасқан ең үлкен ұлттық жобасы – АСПЕРА – “Арал теңізі: аймақтық және экологиялық көмек”. Мұнда Қызылорда облысының Арал өңіріндегі аудандарының аталмыш мәселелерін шешуге көмек көрсету көзделді. 

<ref>Қазақ энциклопедиясы, 10 - том</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:ЮНИСЕФ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}