Этилен тотығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:26, 2011 ж. желтоқсанның 6 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Этилен Тотығы, Этиленоксид, (CH2)2O – циклді эфирлер қатарының бірінші мүшесі; эфир иісті, түссіз газ, балқу t –111,7С, қайнау t –10,73С. Су, спирт, эфир, көмірсутек, хлороформ, төрт хлорлы көміртек, ацетонда, т.б. жақсы ериді. Э. т-н алғаш 1859 ж. француз химигі Ш.А. Вюрц этиленхлоргидрин мен күйдіргіш калиді әрекеттестіру арқылы алған. Бұл әдіс өнеркәсіпте қазір де қолданады. Сонымен бірге, Э. т. жаңа әдіс – этиленді катализдік тотықтыру арқылы да алынады. Э. т. реакцияласуға қабілетті су, спирт, т.б. заттармен әрекеттеседі. Ол аммиакпен әрекеттесіп этаноламин, көгерткіш қышқылмен әрекеттесіп этиленциангидрин түзеді. Э. т. этиленгликоль және оның эфирлері этаноламиндер, т.б. заттар синтездеуде маңызды жартылай өнім болып есептеледі. Э. т. – есірткі зат, оның ауадағы мөлш. 0,001 мг/л-ден аспауы қажет. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 10 том</ref>

Пайдаланған әдебиет

<references>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Этилен тотығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}