Эрнест Миллер Хемингуэй

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:04, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Жазушы Эрнест Миллер Хемингуэй (Үлгі:Lang-en; 21 шілде, 1899, Оук-Парк, Иллинойс, АҚШ2 шілде 1961, Кетчум, Айдахо, АҚШ) — американдық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.

Балалық шағы

Сурет:ErnestHemingwayBabyPicture.gif
Хемингуэй бала кезінде

Эрнест Хемингуэй 1899 жылы 21 шілдеде Чикаго маңындағы Оук-Парк қалашығында дүниеге келді (Иллинойс, АҚШ). Оның әкесі Кларенс Эдмонт Хемингуэй дәрігер қызметін атқарса, ал анасы Грейс Холл өмірін балаларын бағуға арнаған. Кларенс Хемингуэй жастайынан баласының бойында табиғатқа деген махаббатты оятуға тырысады, және сондағы арманы баласының әке жолын қуып, медицина және жаратылыстану ғылымымен айналысуы еді<ref name="Надеждин">Үлгі:Cite book</ref>. Эрни 3 жасқа толғанда, әкесі оған ең алғашқы қармағын тарту етіп, өзімен бірге балыққа алып шықты. Оған қоса, болашақ жазушы 8 жасқа толған шақта Орта Батыс өңіріндегі бүкіл аң-құс, балық және ағаш-өсімдіктердің атауларын жатқа білді. Сонымен қатар, Эрнест түрлі кітаптарды бас алмай оқуды өзінің үйреншікті ісіне айналдырды. Бос уақытын ол үйіндегі кішігірім кітапханада, әсіресе, Дарвин еңбектері мен тарихи қолжазбаларды меңгерумен өткізді<ref name="Грибанов">Үлгі:Cite book</ref>. Ал керісінше, миссис Хемингуэйдың баласының болашағына деген көзқарасы мүлде өзгеше болды. Анасының міндеттеуімен жазушы шіркеу хорында өлең айтып, виолончель аспабында ойнады. Көп уақыт өте келе, мосқал тарта бастаған Эрнест осы жайт туралы былай деп айтқан:

Үлгі:Quotation

Оук-Парктегі қысқы үйінен басқа, жазушы отбасының Валлун көлінің жағасында орналасқан «Уиндмир» деген иелігі болды. Әрбір жаздың басталуымен Хемингуэй ата-анасымен, ағаларымен және әпкелерімен бірге сол жерге ат басын бұрып отырды. Шынайы табиғатқа тұнып тұрған бұл өлкеде жазушы өзін еркін сезініп, ерекше сезімге кенелді. Себебі виолончель аспабы мен шіркеу хорынан шалғай бұл жерде Эрнест өзінің ұнататын істерімен айналысып: балық аулап, орман ішін аралап, көршілес үндіс тайпаларының балаларымен ойнауды жақсы көретін. 1911 жылы, Эрнест 12 жасқа толған кезде, атасы оған бір оқталатын 20 калибрлы мылтықты сыйға тарту етті. Атасыны деген сезімі өте ынтық Эрнест оның айтқан әңгімелерімен сүйіп тыңдап, өмірінің соңына дейін оны ұмытпай, тіпті кейде өзінің туындыларына арқау етіп отырды.

Жастық шақ

Сурет:Hemingway birthplace.jpg
Оук Парк қаласындағы Хемингуэйлердің үйлері

Мектептегі уақыты

Сол уақытта Хемингуэй мектептегі кішігірім “Скрижаль” журналында жазушы ретіндегі алғашқы қадамын жасайды. Баспаға түскен ең бірінші шығармасы – солтүстік экзотикасы мен үндіс фольклорына толы “Суд Маниту” еңбегі еді. Журналдың келесі нөмірінде “Всё дело в цвете кожи” атты бокстың лас та әділетсіздікке толы коммерциялық бейнесі сипатталған әңгімесі жарық көрді. Кейінгі нөмірлерде, негізінен, жазушы спорт жарыстары мен концерттер жайлы репортаждар жариялап отырды. Өмірінің осы мезетінде Хемингуэй өзінің біратола жазушы болатынын нық шешті. Табиғатынан шымыр және шыныққан Хемингуэй бокс және футболмен белсене айналысты. Кейін өзі айтып кеткендей:

Үлгі:Quotation

Полиция тілшісі

Мектепті бітірісімен Эрнест ата-анасы қалағандай жоғарғы оқу орнына тапсырмай, Канзас Сити қаласына көшіп, сол жердің жергілікті «The Kansas City Star» газетіне жұмысқа тұрады. Оның қарамағындағы қала аумағы бас аурухана, вокзал және полиция бөлімшесін қамтыды<ref name="Майерс">Үлгі:Cite book</ref>. Жас тілші қалада орын алып жатқан бүкіл оқиғаларға белсене ат салысып, әр түрлі кісілермен танысып, өзінің ойлау арнасын барынша кеңейтті. Эрнест кездестірген адамдардың іс-әрекеттерін, сөйлеу мәнерін барынша бақылап, түсініп, жаттап алуға тырысты. Санасында түйіршектеп жиналған осы деректер кейін болашақта оның еңбектерінің сюжеттеріне арқау болып, диалогтар мен деталдерін құрастыруға жәрдем етті. Дәл осы кезде Хемингуэйдің өзіндік жазу стилі және әрдайым оқиғаның ортасында болу дағдысы қалыптасты. Газет редакторлері жас жазушыны ойын дұрыс және нақты жеткізумен қоса, стильдік шұбалаңдықтардан арылу жолдарын да үйретті.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс

Сурет:Ernest Hemingway in Milan 1918 retouched.jpg
Хемингуэй әскери формада (1918)

Хемингуэй әскер қатарында болғысы келгеніне қарамастан, көзінің нашар көруі ұзақ уақыт бойы оның бұл мақсатына кедергі болып келді. Соған қарамастан, ол дегеніне жетіп, өз еркімен Қызыл Крест машинасының жүргізушісі ретінде Италия жерінде болып жатқан майдан сапына келеді. Ең бірінші күні, Миланға келмей жатып Эрнест және басқа да еріктілер бомбаланған зауыт қалдықтарын жинауға міндеттелді. Бірер жыл өткеннен кейін жазушы соғыстан алған алғашқы әсерлерін “Прощай, оружие!” кітабында көркем сипаттады. Келесі күні жас Хемингуэй санитарлық көліктің жүргізушісі ретінде Скио қаласында орналасқан әскер топтарына жөнелтілді. Алайда, бұл жердегі әскерлердің уақытын тек ойын-сауық, карта және бейсбол ойнаумен өткізіп отырғанын көрген Эрнест шыдай алмай, өзін Пьяве өзені бойына ауыстыруын талап етті. Бұл жерде де ол тыныш отырмай, әскерлердің жертасаларына азық-түлік әкелу арқылы майдан шебінде болып жатқан соғыстарға тікелей жанасты. 1918 жылы 8 шілдеде Хемингуэй жаралы итальяндық снайперді құтқарам деп, Австрия шеңберінен атылған пулемет пен зеңбірек оқтарының астында қалды. Ауруханада Эрнест денесінен 26 снаряд жарқыншақтары алынып, кейін оны Миланға ары қарай емдеуге көшірді.

Үйге қайту

1919 жылдың 21 қаңтарында Эрнест Отанына батыр ретінде оралды. Бүкіл газет беттерінде жазушы Италия майданында жараланған бірінші американдық кейпінде сипатталды. Италия королі оны «Жауынгерлік айбыны үшін» және «Әскери крест» медалдарымен марапаттады. Жазушы өзі кейінірек айтып кеткендей: Үлгі:Quotation Келесі бір жылдай уақыт шамасын Хемингуэй жанұя ортасында өткізіп, өзінің болашағы жайлы ойланумен болды. 1920 жылдың 20 ақпанында жазушы журналистика бағытына қайтып келу үшін Торонто қаласына көшіп барды. Оның жаңа жұмыс орны, «Торонто Стар» газеті, жазушыға шығармашылық бағытта не жазғысы келсе де толық еркіндік берді. Ең басты шарт: тек баспадан өткен материалдарға ғана ақша төленді. Эрнесттің ең алғашқы жұмыстары – “Кочующая выставка картин” және “Попробуйте побриться бесплатно” – жалпы айтқанда өнер сүюшілердің көрсеқызарлықтары мен американдықтардың ырымшылдықтарына деген келемеждеу сипатында болды. Содан кейінгі еңбектері соғыс зардаптары, үйлерінде ешкімге керексіз болып қалған соғыс ардагерлері және ақымақ шенеуніктер жайлы болды. Дәл сол жылы жазушы мен оның анасы арасындағы өзара түсініспеушіліктер арта берді. Нәтижесінде Хемингуэй бүкіл заттарын жинап, Чикаго қаласына көшіп кетті. Бұл қалада ол «Торонто Стар» газетімен қарым-қатынасын жалғастырумен қоса, «Cooperative Commonwealth» журналында редакторлық қызметін атқарды. Ал 1921 жылы 3 қыркүйекте жазушы Хэдли Ричардсон атты жас пианист қызға үйленіп, бұрыннан армандап жүрген Париж қаласына сапар шегеді.

1920-шы жылдары

Париж

Париж қаласында Хемингуэйдың отбасы Контрэскарп алаңы маңындағы Кардинал Лемуан көшесінде кішкене пәтерге орналасады. “Праздник, который всегда с тобой” кітабында Эрнест осы жағдай туралы былай деп жазып кеткен: Үлгі:Quotation Отбасын асырау үшін және жаз айларында дүние жүзін аралау үшін Хемингуэйге көп жұмыс істеуге тура келді. Сондықтан ол апта сайын «Торонто Стар» газетіне өзінің шығармаларын жіберіп отырды. Газет редакциясы жазушыдан Еуропа өмірінің сипаттамасын, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің егжей-тегжейін талап етті. Бұл жағдай Эрнестке очерк тақырыптарын өзі таңдап, жазу стилін дамытуға мүмкіндік берді. Нәтажесінде жазушы, негізінен, очерктерін келеке түрінде американдық туристтер және жастардың сергелдеңмен өткізген өмірі жайлы жазудан бастады (“Вот он какой - Париж”, ”Американская богема в Париже” және т.б.). 1923 жылы Эрнест “Шекспир и компания” деген кітап дүкенінің иесі Сильвия Бичпен танысып, өте жақын достық қарым-қатынас орнатты. Дүкен ішінде жазушы көп уақытын өткізіп, кітаптар алып, түрлі көзі ашық зиялылар, ақын-жазушылар мен суретшілермен танысты. Солардың ішінде жазушыға ерекше әсер еткен Гертруда Стайн еді. Эрнест әрдайым Гертрудадан ақыл-кеңес сұрап, әдебиет жайлы әңгіме-дүкен құрғанды унатты. Гертруда газеттегі жұмысқа немқұрайлы қарап, Эрнесттің шығармашылықтағы басты жолы – жазушылық екенін оған иландыруға тырысты.

Әдебиет ортасында танылуы

1926 жылы жазылған “И восходит солнце” – жазушыны ең алғашқы шығармашылық табысқа жеткізген еңбегі. Бұл роман оқырманға 1920 жылдары Франция мен Испанияда тұрған жастар өмірі жайлы баяндайды. 1927 жылы “Мужчины без женщин”, ал 1933 жылы “Победитель не получает ничего” атты әңгіме жинақтары шыққаннан кейін, Эрнест Хемингуэй көпшілік ортасында ерекше бір қысқа әңгімелер авторы ретінде әбден танылды. Осы әңгімелер ішінде әсіресе “Убийцы”, ”Недолгое счастье Фрэнсиса Макомбера” және ”Снега Килиманджаро” оқырмандар назарын аудартып, ерекше ықыласқа ие болды.

1930-шы жылдары

Флорида

1930 жылдың басында Хемингуэй АКШ-қа қайтып оралып, Флорида штатының Ки-Уэст қаласына орналасты. Бұл жерде ол балық аулаумен айналысып, өзінің желкенді қайығымен Багам аралдарына және Кубаға саяхат шегіп, жаңа шығармалар жаза бастады. Биографтардың айтуы бойынша, осы кезде жазушының атағы өсіп, есімі жұртқа таныла бастады<ref name="Меллоу">Үлгі:Cite book</ref>. Ол жазған шығармалардың барлығы тез арада баспадан өтіп, үлкен таралымдармен сатылды. Өмірінің ең табысты бірнеше жылын өткізген сол пәтерінде қазір жазушының мұражайы ашылған. 1930 жылдың күзінде Эрнест автомобиль апатына түсіп, нәтижесінде көптеген жарақаттар және басына зақым алып, жарты жылдай уақыт емделумен өткізді. Жазушы осы кезде қарындашпен жазуды қойып, машинамен жұмыс істеуді бастады. 1932 жылы ол “Смерть после полудня” романын жазу арқылы коррида салт-дәстүрін дәлдікпен сипаттап берді. Бұл кітап өте үлкен сұранысқа ие болып, Хемингуэйды американдық ең танымал және талантты жазушы ретінде әбден бекітті. 1933 жылы Хемингуэй “Победитель не получает ничего” атты шығармалар жинағын жазу арқылы өзінің көптен орындай алмай жүрген арманын – Шығыс Африкада сафаримен айналысуды – орындағысы келді. Кітап сәтті шығып, сол жылдың соңында жазушы жаңа саяхатқа жол тартты.

Африка

Хемингуэй Танганьика өзенінің маңында лагерь құрып, жергілікті тайпа өкілдерін жолбасшы ретінде жалдап, аң аулауға шығуды бастады. 1934 жылдың қаңтарында кезекті сафариден келген жазушы өкпе амебиазы ауруына шалдығып қалды. Күннен-күнге жағдайы нашарлап, ағзасы сусыздана бастаған жазушы үшін Дар-эс-Салам қаласынан арнайы ұшақ жіберіліп, оны сол өңірдің астанасына жеткізді. Ағылшын емханасында бір апта курс терапиясын алғаннан кейін ғана Эрнест жазыла бастап, ісі оңға басты. Соған қарамастан, аң аулау маусымы Хемингуэй үшін өте сәтті болды. Ол өз қанжығасына барлығы үш арыстан, жиырма жеті антилопа, ірі енеке және тағы басқа жануарларды байлады. Танганьикадан қалған бүкіл әсерін жазушы “Зеленые холмы Африки” (1935) кітабының бетіне түсірді. Бұл кітап, негізінде, Эрнесттің саяхатшы және аңшы рөліндегі күнделігі болып табылады.

Испаниядағы азамат соғысы

Сурет:Bundesarchiv Bild 183-84600-0001, Ivens und Hemingway bei Ludwig Renn, Chef der XI. Internationalen Brigaden.jpg
Хемингуэй (ортада), голандиялық режиссер Йорис Ивенс және неміс жазушысы Людвиг Ренн 1937 жылы испандық азаматтық соғыс кезінде Испанияда

1937 жылы жазушы “Иметь и не иметь” деген кітабын жазуды бітірді. Ол кітап автордың АҚШ-та орын алған Ұлы Тоқырау эпохасына деген бағасы еді. Хемингуэй болып жатқан проблемаға күнін көру үшін контрабандашы болып кеткен, қарапайым Флорида тұрғыны атынан қарады. Оған қоса, Испанияда орын алып жатқан тұрақсыз жағдай ешқашан бұрын жазушы шығармашылығында қозғалмаған тың әлеуметтік тақырыптарды қозғауға сеп болды. Азамат соғысының басталуы Эрнестке өте қатты әсер етіп, көп ұзамай жазушы генерал Франкоға қарсы күресіп жатқан республикалықтарды қолдап, оларға көмектесу үшін жәрдем жинау қорын ұйымдастырды. Кейінірек жазушы Солтүстік Америкалық газет қауымдастығына өтініш жасап, болып жатқан жауынгерлік істер жайлы хабардар етіп тұру үшін өзін Мадрид қаласына жіберуді сұрады. Бұл сұрау аяқсыз қалмай, тез уақыт аралығында кинорежиссер Йорис Ивенс бастаған киноға түсіру тобы құралып, тікелей Мадридке жол тартты. Картина сценаристы ретінде Хемингуэй бекітілген бұл топтың мақсаты “Земля Испании” деген документалды фильм түсіру еді. Соғыстың ең бір қиын кездерінде Эрнест франкистермен қоршалған Мадридте интернационалистер штабы және тілшілер клубына айналған Флорида қонақ үйінде мекен етті. Және осы бір қиын-қыстау кезеңінде жазушы қаламымен бар болғаны бір ғана “Пятая колонна” деген пьеса жазылды. Сонымен қатар айта кетерлік жайт, ол жазушының болашақ үшінші жұбайы Марта Геллхорнмен осы Испания жерінде кездесуі болатын. Кейбір кезде Эрнест Каталония жеріне сапар шегіп отырды, себебі Барселона маңындағы шайқастар тартысқа және қатігездікке толы еді. Осы бір шайқастар кезінде, Хемингуэй жертасалар ішінде француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери мен интернационал тобының командирі Ганс Калемен танысады. Жазушының соғыстан алған әсерінің нәтижесінде ең бір танымал романдарының бірі – “По ком звонит колокол” туған еді (1940). Роман сюжеті республиканың құлдырауына негізделе отырып, адамның жеке басының қандай да қиындыққа болмасын төтеп бере алатын қауқары бар деген оймен нақышталған.

Екінші Дүниежүзілік соғыс

1941 жылы Эрнест Хемингуэй Балтимор қаласында кеме сатып алып, оған “Пилар” деген ат кояды. 1941 жылдың 7 желтоқсаны, яғни әйгілі Перл-Харбор базасына шабуыл басталғанға шейін жазушы кемесін Куба маңына әкеліп, балық аулаумен айналысты. 1941-1943 жылдары ол Куба жеріндегі нацистік тыңшыларға қарсы барлау жұмыстарын жүргізіп, өзінің кемесімен Кариб теңізіндегі неміс сүңгуір қайықтарына қарсы күресті. Содан кейін Эрнест өзінің журналистік жұмысын қайта бастап, Лондонға қаласына тілші ретінде жұмыс істеуге кетеді. 1944 жылы Хемингуэй Германия және оккупацияланған Франция жеріне жасалған әскери ұшу тапсырмаларына белсене ат салысты. Кейін Нормандия жеріне одақтас елдердің әскері түсірілген кезде ол барлау жұмыстарына қатысуға рұқсат алады. Эрнест 200 кісіден тұратын француз партизандарының басшысы болып, Париж, Бельгия, Эльзас жерлерінде болған ұрыстарға қатысты.

Куба

1949 жылы жазушы Кубаға қайтып оралып, шығармашылық қызметін “Старик и море” (1952) хикаятынан бастады. Кітапта, негізінен, сыртқы тылсым табиғат күшіне қарсы күрескен жалғыз, тек өз қайраты мен төзіміне ғана сенген адам жайлы баяндалады. 1953 жылы Эрнест Хемингуэй жоғарыда аталмыш кітабы үшін Пулитцеров сыйлығының иегері атанды. Сонымен қатар, 1954 жылы жазушының әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығымен марапатталуына да осы хикаят айтарлықтай әсер етті. 1956 жылы Хемингуэй өзінің 1920 жылдары өткізген Париждегі өмірі туралы автобиографиялық кітабын бастады. Кітап атауы – “Праздник, который всегда с тобой” және ол баспадан тек жазушы өмірден кеткеннен кейін шықты.

Өмірінің соңғы жылдары

Сурет:ヘミングウェイ.jpg
Хемингуэй (1950)

1960 жылы Хемингуэй Куба аралын тастап, АҚШ-тың Кетчус қаласына (Айдахо штаты) қайтып оралады. Өмірінің соңғы жылдарында гипертония және диабета секілді аурулармен қатты ауырғандықтан, жазушыны Рочестер қаласындағы Майо емханасына емдеуге жатқызады. Эрнесттің ойынша, ФБР агенттері оның ізіне түсіп, телефон және банк есепшоттарын тексеріп, жеке поштасын оқып, жеке өміріне қол тигізген. Сол себепті жазушы өте терең депрессияға ұшырап, кез-келген бейтаныс адамды ФБР агенті ретінде қарастырды. Кейін, 1980 жылдардың басында, ФБР мұрағатында Хемингуэй ісі құпиясыздандырылған кезде жазушы артынан шынымен де аңду жұмыстары жүргізілгені расталды. Жазушыны емханада психиатрия жолымен емдеп, электросудорогалық терапия жүргізуге тырысты. Осындай терапияның 13 сеансынан кейін, Эрнест ақыл-есін мүлде жоғалтып, жазушылық талантынан мүлде айырылды.<ref name="Семененко">Үлгі:Cite web</ref> Осы жайт туралы ол былай деп айтқан:

Үлгі:Quotation

Емделу кезінде жазушы клиника дәлізінен өзінің досына ФБР-дың тыңдауға арналған радиомикрофондары жайлы айту үшін қоңырау шалды. Қанша терапия жасағанымен, бұл ем жазушыға айтарлықтай шипа әкелген жоқ. Эрнест жұмыс істеуді қойып, қалың депрессияға ұшырап, өзіне-өзі қол жұмсау туралы көп айта бастады. 1961 жылы 2 шілдеде Майо психиатрлық емханасынан шыққанына бар болғаны бірнеше күн өткеннен кейін, Хемингуэй Кетчумдағы үйінде мылтығымен өзін-өзі атады. Арада 50 жыл өткеннен кейін, ақпарат еркіндігі жайлы заңға байланысты Эрнест Хемингуэйдың ісі туралы ФБР-ден сауал сұратылады. Жауап ретінде ФБР, шынымен де, жазушыны аңду және ізіне түсу жұмыстарының (тіпті психиарлық емхана ішінде) болғандығын мойындады.

Отбасы

1. Бірінші жұбайы – Элизабет Хедли Ричардсон (1891-1979)

• Ұлы – Бамби Джон (1923-2000).

Немерелері: Марго (1954-1996), Мариэль (1961 жылы туған).

2. Екінші жұбайы – Паулина Пфайфер (1895-1951).

• Ұлдары: Патрик (1928 жылы туған), Грегори (1931-2001).

Немересі – Шон (1967 жылы туған).

3. Үшінші жұбайы – Марта Геллхорн (1908-1998)

4. Төртінші жұбайы – Мэри Уэлш (1908-1986).


Библиографиясы

Романдары

• 1926 жылы — Вешние воды / The Torrents of Spring

• 1926 жылы — И восходит солнце (Фиеста) / The Sun Also Rises

• 1929 жылы — Прощай, оружие! / A Farewell to Arms

• 1937 жылы — Иметь и не иметь / To Have and Have Not

• 1940 жылы — По ком звонит колокол / For Whom the Bell Tolls

• 1950 жылы — За рекой, в тени деревьев / Across the River and Into the Trees

• 1952 жылы — Старик и море (повесть) / The Old Man and the Sea

• 1970 жылы — Острова в океане / Islands in the Stream

• 1986 жылы — Райский сад / The Garden of Eden

• 1999 жылы — Проблеск истины / True at First Light

Жинақтары

• 1923 жылы — Три истории и десять поэм / Three Stories and Ten Poems

• 1925 жылы — В наше время / In Our Time

• 1927 жылы — Мужчины без женщин / Men Without Women

• 1933 жылы — Победитель не получает ничего / Winner Take Nothing

• 1936 жылы — Снега Килиманджаро / The Snows of Kilimanjaro and Other Stories

• 1938 жылы — Пятая колонна и первые 49 рассказов / The Fifth Column and the First Forty-Nine Stories

• 1969 жылы — Пятая колонна и четыре рассказа о Гражданской войне в Испании / The Fifth Column and Four Stories of the Spanish Civil War

• 1972 жылы — Рассказы о Нике Адамсе / The Nick Adams Stories

• 1987 жылы — Сборник коротких рассказов Эрнеста Хемингуэя / The Short Stories of Ernest Hemingway

• 1995 жылы — Эрнест Хемингуэй: Собрание сочинений / The Complete Short Stories of Ernest Hemingway

Документалды прозасы

• 1932 жылы — Смерть после полудня / Death in the Afternoon

• 1935 жылы — Зелёные холмы Африки / Green Hills of Africa

• 1962 жылы — Хемингуэй, дикое время / Hemingway, The Wild Years

• 1964 жылы — Праздник, который всегда с тобой / A Moveable Feast

• 1967 жылы — By-Line: Ernest Hemingway / By-Line: Ernest Hemingway

• 1970 жылы — Эрнест Хемингуэй: Кубинский репортёр / Ernest Hemingway: Cub Reporter

• 1981 жылы — Эрнест Хемингуэй: Избранные письма / Ernest Hemingway Selected Letters 1917—1961

• 1985 жылы — Опасное лето / The Dangerous Summer

• 1985 жылы — Dateline: Toronto / Dateline: Toronto

• 2000 жылы — Хемингуэй на рыбалке / Hemingway on Fishing

• 2005 жылы — Under Kilimanjaro / Under Kilimanjaro

Экранизациялары

1. Дело Макомбера (АҚШ, 1947 жылы)

2. И восходит солнце (фильм) (АҚШ, 1957 жылы)

3. Иметь и не иметь (фильм) (АҚШ, 1944 жылы)

4. По ком звонит колокол (фильм) (АҚШ, 1943 жылы)

5. Прощай, оружие! (фильм) (АҚШ, 1932 жылы)

6. Прощай, оружие! (фильм) (АҚШ, 1957 жылы)

7. Снега Килиманджаро (фильм) (АҚШ, 1952 жылы)

8. Старик и море (фильм) (АҚШ, 1958 жылы)

9. Старик и море (мультфильм) (Канада-Ресей-Жапония, 1999 жылы)

10. Старик и море (фильм) (Ресей, 2006 жылы)

11. Убийцы (фильм) (АҚШ, 1946 жылы)

12. Убийцы (фильм) (КСРО, 1956 жылы)

13. Убийцы (фильм) (АҚШ, 1964 жылы)

14. Фиеста (Фильм-спектакль) (КСРО, 1971 жылы)

Кинематографияда

• «Модернисты» (ағылш. The Moderns) — 1988 жылы шыққан американдық кинофильм.

• «В любви и войне» — “Прощай, оружие!” романында жазылған шынайы оқиғаларға негізделген, 1966 жылы жарық көрген фильм.

• Вуди Алленнің “Полночь в Париже” деген фильміндегі басты кейіпкер 1920 жылдардағы Парижға түсіп, Эрнест Хемингуэймен кездеседі.

• 2012 жылы Филип Кауфманның «Хемингуэй и Геллхорн» деген фильмі жарық көрді. Басты рөлдерді сомдаған Николь Кидман және Клайв Оуэн. Фильмнің басты сюжеті 1936 жылы Флорида штатының бір түнгі барында Хемингуэй мен Марта Геллхорнның кездейсоқ кездесуінен басталады. Бұл уақытта, Эрнест – әлемге әйгілі жазушы, ал Марта болса XX ғасырдағы ең дәрежелі әскери тілшілердің бірі еді. Екеуінің арасындағы қарым-қатынас 1936-1939 жылдары Азамат соғысын басынан кешіп жатқан Испания барғандағы саяхаттан басталды. Геллхорн жазушының ажырасуға өтініш берген ең алғашқы жұбайы болатын. Сонымен қатар, Хемингуэйдың ең атақты еңбегі - «По ком звонит колокол» романына жазушыны шабыттандырған да осы Марта Геллхорн еді.

• 2014 жылы Кевина Смиттің «Бивень» деген фильму жарыққа шықты. Фильм сюжетінде басты кейіпкерлердің бірі Эрнест Хемингуэймен жеке таныс екенін жария етеді.

Қызықты фактілер

Хемингуэй Vincenzo Bernardelli мылтығымен өзін-өзі атқан. Қазіргі кезде мылтықтың бұл моделі Hemingway деп аталады.

2011 жылы Крейг Макдональд “Убить Хемингуэя” деген кітап жазды. Бұл кітапта атақты жазушы өлімінің басқа нұсқасы келтірілген.

Бір жолы Хемингуэй бар болғаны алты сөзден тұратын, бұрын-соңды жазылмаған ең әсерлі әңгіме құрауға бастеседі. Нәтижесінде ол бұл бәсті ұтты: “For sales: baby shoes, never worn”.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер