Эра Ивановна Епонешникова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Епонешникова Эра Ивановна.jpg
Э.Епонешникова М.Төлебаевтың "Біржан - Сара" операсындағы Аналық ролінде

Епонешникова Эра Ивановна (15 мамыр 1927, Қызылорда қаласы — 8.5.1977, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисы (1966; 1960 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген арт.).


  • 1945 жылы Алматы музыка училищесінде оқыған.
  • 1952 жылы Алматы консерваториясының вокальдық факультетін бітірген.
  • 1950 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ опера және балет театрының әншісі болды. Қазақ және орыс труппаларында қатар қызмет істеп, екі тілде жүретін спектакльдерге қатысқан. Тембрі жұмсақ қоңыр ұн мен кең тынысты дауыста орындалатын опералық бейнелерге терең бойлап, олардың ішкі дүниесін, жан сезімін шынайы ашып көрсетуде Епонешникованың әншілігі мен актерлік дарыны ерекше байқалды. Ол Мариям, Қамқа (Е.Г. Брусиловскийдің “Дударайы” мен “Қыз Жібегінде”), Аналық (М. Төлебаевтың ”Біржан — Сарасында”) партияларында әншілік-артистік қабілетімен дараланды. 1951 жылы Бухарест қаласында өткен Жастар мен студенттердің дүниежүзлік фестиваліне, 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан.

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.”

ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті