Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Эпейрогенді тектоникалық қозғалыстар (эпейрогенез)"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
11:07, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы
Эпейрогенді тектоникалық қозғалыстар (эпейрогенез) – өте жай, ұзақ уақыттар бойы етек ала отырып, ірі-ірі аймақтардың жоғары көтерілуін немесе төмен ойысуын қамтамасыз ететін қарапайым қозғалыстар. <ref> Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4 </ref>
Орогенді (қатпарлы) қозғалыстармен салыстырғанда эпейрогенді тектоникалық қозғалыстар өздері әсер еткен аймақтардың ішкі құрылысын ешбір өзгертпейді, яғни осы аймақтарға тән тау жыныстары қабаттарын қатпарламайды деп есептеледі.
Синонимі – тербелмелі тектоникалық қозғалыстар.
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}