Эмбриондағы миоглобин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:43, 2015 ж. мамырдың 12 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Миоглобин - қаңқа және жүрек бұлшықтеттерінің оттек - байланыстырушы ақуызы. Қаңқа бұлшықеті мен жүрек миокарды (жүрек бұлшықеті) аминқышқылдарының орналасу ретінде аздаған айырмашылықтары болады. Бұл дәйек медицина практикасында қанда арнайы мамандандырылған миоглобин изотипінің ("жүрек" изотипі мен кейбір бұлшықет ферменттері бірдей ) пайда болуымен "жүрек" миокарды инфарктын диагноздауда қолданылады. Бұлшықет ұлпалары зақымдалмаған немесе қабынбаған жағдайда, яғны қалыпты жағдайда миогдобин қанға енбейді. Гемоглобин тәрізді, қан плазмасындағы бос күйдегі миоглобин жоғарытоксинді: миоглобиннің ірі молекулалары бүйрек арналарын бітеп, оларды некрозға алып келеді; оттекті байланыстыру үшін және ұлпаларға оттек беру қызметін орындамай, бос күйдегі миоглобин гемоглобинмен бәсекелесе отырып ұлпаларды оттекпен қамтамасыз етпейді де ұлпа гипоксиясына әкеледі. Бүйрек қызметі жетіспеушілігі мен ұлпа гипоксиясы бос күйдегі миоглобинмен уланудың салдары - ауыр соққы алғаннан сығылу мен бұлшықет ұлпаларының көбейіп кетуі, ұзақ мерзімді сығылу (крэш - синдромы) өлімнің басты себептері болып табылады.