Электртехника

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:55, 2011 ж. желтоқсанның 6 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Электртехника (электр және техника) – электр энергиясын іс жүзіндегі мақсатқа пайдалану мәселесін зерттейтін ғылым; техниканың электр энергиясын шаруашылықтың барлық салаларында, әскери істе, тұрмыста қолдануды жүзеге асыратын саласы. Ол электр құбылыстары жөніндегі заңдарды зерттейді, оларды белгілі бір жүйеге келтіреді. Э-ның пайда болуы тұрақты токтың көзін жасау кезеңінен (18 ғ-дың басы) басталады. Одан әрі ол электр және магнетизм саласындағы ашылған жаңалықтар негізінде дамыды. Э. дамуының алғашқы сатысында электр машинасы жасалды. Мұның өзі өнеркәсіптік өндірістің, а. ш-ның және көліктің пайда болуына әрі қауырт өрлеуіне зор әсерін тигізіп қана қоймай, өнеркәсіптің жаңа салалары мен ғыл.-тех. бағыттардың да дамуына әсер етті. Электр тогының хим. әсері гальванотехниканың, электр энергиясын жарыққа түрлендіру мәселесі жарық техникасының пайда болуына себеп болды. Термоэлектрондық эмиссия мен фотоэффект құбылысының ашылуы негізінде электроника, радионың жасалуы негізінде радиотехника дамыды. Электр сигналдарын сыммен тарату мәселесі телефон және телеграф байланысының негізі болып саналады. Үш фазалы ток техникасының ашылуы – электр энергетикасының пайда болуының алғашқы сатысы; 3 фазалы асинхронды қозғалтқыштың құрастырылуы электр жетегінің жасалуына себеп болды. Электр энергиясын кеңінен пайдалану нәтижесінде электрхим. өнеркәсіп (алюминий, магний, натрий,т.б. өндірілетін) дамып келеді. Энергетиканың, электрлендірудің, байланыстың, телемеханиканың, есептеу техникасының және өндіріс пен технол. процестерді автоматтандырудың дамуы айнымалы және тұрақты токты кешенді түрде пайдаланып жұмыс істейтін күрделі жүйелерге негізделген. Э. өнеркәсіптің көптеген саласының ғыл. негізі болып саналады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}