Электроанализ әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:48, 2011 ж. желтоқсанның 6 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Электроанализ негізінде Фарадей заңы жатыр, олар мына формуламен өрнектеледі:

<math>m=\frac{QM}{Fn}=\frac{I \tau M}{Fn}</math>

мұндағы m - түзілген заттың массасы; І-ток күші; т - электролиз уақыты; М - заттың мольдік массасы, г/моль; п - электродтағы реакцняға қатысушы электрон саны; F - Фарадей саны, 96500 К. Ток шығыны маңызды сипаттамасы болып табылады:

<math>\nu=\frac{m_p*100%}{m_t}</math>

Электролиз процесі басталу үшін электродтарға белгілі бір кернеу беріледі:

Eд=Eнақ+I*R+П

мұндағы ЕР - Нерст тендеуі бойынша Енақ = ЕА - Ек есептелген бір өлшемді потенциалдар айырмасына тең.(жеңілдету үшін стандартты электродты потенциалдар қолданылады); I*R=E-кернеу үлесі, электродтар арасындағы ерітінді кедергісін иондар арқылы жеңу үшін қажет; II - поляризацияның эр түріне негізделген асқын кернеу. Практикада электроанализ жүргізу барысында инертті электродтар (Pt, Pd, С) қолданылады, яғни электрод материалы электролиз процесінде өзгеріссіз қалады. Электролизді анодты процесте судан оттегі ғана бөліну үшін, галогенид ионы жоқ ерітінділермен жүргізуге тырысады.

2O-4e→ O2+4Н+, Е°=+1,23В

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}