Электрлік Импульс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:46, 2011 ж. желтоқсанның 6 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Электрлік Импульс – электр кернеуінің не ток күшінің қысқа мерзімді өзгерісі. Э. и. жоғары кернеу импульсы, шамасы үлкен ток импульсы, радиоимпульс болып ажыратылады. Жоғары кернеу импульсы (пішіні апериодты) әдетте найзағай және конденсатор разряды кезінде пайда болады. Шамасы үлкен ток импульсының секірмесі өзінің пішіні жағынан жоғары кернеу импульсына ұқсас болып келеді. Мұндай импульстар телевизияда, есептеу техникасында,радиолокацияда, автоматикада, т.б. қолданылады. Радиоимпульс деп амплитудасы мен ұзақтығы үзілісті жоғары жиілікті не аса жоғары жиілікті электр тогының не кернеудің тербелісін айтады. Радиоимпульстар негізінен радиотехника мен байланыс техникасында қолданылады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}