Электрлік Байланыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:12, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Электрлік Байланыс – ғылым мен техниканың ақпаратты қашықтыққа электр тогы арқылы беру мәселесін зерттейтін саласы. Оның негізгі түрлеріне: телеграфия, фототелеграфия, телефония, радиобайланыс, телевизия жатады. Э. б-та хабар сыммен таралатын электр сигналдары не радиосигналдар арқылы жеткізіледі. Тасымалданатын хабар құрылымына қарай үздіксіз және дискретті, ал қабылдану тәсіліне қарай құжаттық (мыс., телеграмма) және құжаттық емес (мыс., телефон арқылы сөйлесу) болып ажыратылады. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}