Ысқақ Көбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:37, 2017 ж. қаңтардың 22 кезіндегі Liquorkaru (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Тұлға

Көбеков Ысқақ (1892, бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы – 1918) – қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

Көбеков алғашында Көкпекті ауданындағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебінде оқыған. Прогресшіл-демократия бағыттағы адамдармен араласқаны үшін оқудан шығарылған. Кейін Омбыда оқып, дәрігер мамандығын алып шығады. Омбыда К.Төгісов, М.Әйтпеновтермен бірігіп “Қазақ еңбекшілерінің одағын” құрды. Одақ мүшелерімен Зайсан қаласында аймақтық съезд өткізуге ат салысып, съезде хатшылық міндетін атқарды.

1917 ж. күзде құрылған “Үш жүз” партиясы орталық комитетінің хатшысы болды. Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары Петропавл уездік кеңесінің құрамына сайланды. Кеңес өкіметі орнаған алғашқы кездері осы уездегі қаржы комиссиясының мүшесі, жер бөлімінің бастығы, әскери бөлімнің жауапты қызметкері, мұсылмандар арасындағы жұмыс бөлімінің бастығы, революциялық трибунал жанындағы ерекше тексеру комиссиясының мүшесі болды. Омбы губернаторы атқару комитетінде қызмет істеді.

1918 ж. наурыз айында тұтқынға алынып, ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты.<ref>Сейфуллин С., Тар жол, тайғақ кешу, А., 1977</ref><ref>Алтынбаев Қ., Жұмахан Е., С. Смағұлова, Ақсуат, А., 1998.</ref><ref>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ысқақ Көбеков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}