Ырғызит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:02, 2011 ж. желтоқсанның 6 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

ЫРҒЫЗИТАрал теңізінің солт. өңірінде, Жаманшы метеориттік кратерінен табылған импактиттер тобына жататын, кремнеземге бай, тектиттерге ұқсас жанартаутекті шыны құрамды тау жынысы. Түйіршік мөлш. 1 мм-ден төмен тау жыныстары микроырғызиттер деп аталады. Жаманшы құрылымын алғаш орыс ғалымдары В.А. Вахромеев пен А.А. Яншин ашқан (1939). Соңынан әр жылдары В.В. Пилья, П.В. Флоренский, т.б. зерттеген. Кратер метеориттердің палеозой деңгейіндегі тау жыныстарына соғылып, оларды балқыту нәтижесінде бұдан 10 мың жыл бұрын пайда болған. Ы. Муонг-Нонг сериясына ұқсас жаманшиттер тобына жатады. Ы. – лапилитке ұқсас қара түсті, ірілігі 7 см тамшы және ұсақ шар тәріздес денелер. Олардың құрамында лешательерит, коэсит, стишовит, магнетит, шпинелидтер, плагиоклаз, муллиттер кездеседі. Хим. құрамы қышқыл тау жыныстарына ұқсас. Айырмашылығы – Ы. магний оксидіне бай. Ы. – сирек кездесетін тау жынысы.<ref>О. Бейсеев</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ырғызит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}