Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шығыс Қазақстан – Евразия жүрегі (көрме)"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Жаңа бетте: "Көрме мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында ШҚО-ның әлеуметтік салад...")
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Көрме мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында ШҚО-ның әлеуметтік саладағы қол жеткізген жетістіктерін және мәдени мұрасын паш ету. Міндеті: өңірді тарихы бай, тамаша мәдениет және сәулет ескерткіштері мол, бірегей табиғи ресурстарға және өлкенің мәдени-тарихи мұрасын дамыту мен сақтау саласында айтарлықтай жетістіктерге ие, сондай-ақ серпінді дамып келе жатқан аймақ ретінде көрсету.

Көрмеде багетті жиектермен безендірілген, 90х60 см көлемді 50 фотосурет назарға ұсынылды. Көрмені Шығыс Қазақстан облысының картасы ашып тұр. Көрме төрт бөлімнен тұрады:

1. Облыстың, Өскемен мен Семей қалаларының мәдени және әлеуметтік нысандары.

2. Қазақ халқының ұлы перзенттері: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов, Қасым Қайсенов, Оралхан Бөкеев.

3. Облыстағы маңызды оқиғалар.

4. ШҚО табиғаты.


Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА 2009ж.