Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Шығыс Қазақстан өнер мұражайы 1 шілде 1990 жылы ашылған. Мұражай ХIХ ғасырдың соңындағы сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан. 18.02.1991 жылғы ҚазСРО мәдениет жөніндегі Мемлекеттік Комитеттің шешімімен облыстық этнографиялық мұражайдан берілген 90-нан астам кескіндеме және графикалық жұмыстар өнер мұражайының ашылуына негіздеме болды. Кейін, 1991 жылы КСРО Суретшілер одағының мүшесі, шығысқазақстандық суретші Агейкин Леонид Евтихиевичтің жанұясы 1000 кескіндеме және графикалық жұмыстарын мұражайға сыйға тартты.

Сипаттамасы

Мұражай қызметінің бағыттары – Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасын пластикалық өнер, әдебиет және музыка бағыттары бойынша зерттеу және көпшілікке тарату.

Қызмет түрлері:

- Жинақтау

- Сақтау

- Көрме

- Ғылыми зерттеу

- Ғылыми-әдістемелік

- Ғылыми-ағарту

- Экспедициялық

Мұражай жиынтығы 8358 сақтау бірлігін құрайды, оның ішінде, негізгі қорда - 5238 жәдігер; ғылыми –қосымша қорда – 3120 сақтау бірлігі. Негізгі қордағы пластикалық өнер - 2788 жәдігер, әдебиет -1213 жәдігер, музыка – 510 жәдігер құрайды. Мұражайда балалар шығармашылық қоры құрылған, онда 499 кесіндеме және графикалық жұмыстар сақталуда. Мұражай қоры жаңа жәдігерлермен белсенді түрде толықтырылуда, мәселен, 2011ж. ҚР Суретшілер одағының мүшесі Татиев Талғат Әбікенұлының «Көктем. Қалыңдық», ҚазСРО-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әжиев Үке Әжиұлының «Байқоңыр даласында» көркем туындылары, ҚР Суретшілер одағының мүшесі және «Мәдениет қайраткері», профессор Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлынан қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: домбыра, дауылпаз, дабыл, сыбызғы, жетіген, қылқобыз, сазген сатып алынды.

Жүйелі түрде ШҚ Өнер Мұражайынан тыс жерде мұражай қорынан жылжымалы көрмелер өткізіледі. Мәселен, облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада ШҚ Өнер Мұражайының «Графика» қорынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» көрмесі өтуде. Көрмеге Ғ.Г. Мерқасымовтың, Л.Е. Агейкиннің, В.Т. Титовтың, Э.В. Чубуктың, Ә.Т. Шоқановтың жұмыстары қойылған.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА