Шығай хан (Кіші жүз)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:14, 2015 ж. тамыздың 2 кезіндегі Кырмызов (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Шығай (туған жылы белгісіз – 14.11.1825) – сұлтан, Бөкей Ордасының билеушісі (1815 – 1825). Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның баласы.

Өмірбаяны

Ағасы Бөкей қайтыс болғаннан кейін хан тағының мұрагері Жәңгір ержеткенше Бөкей Ордасын (Ішкі Орда) уақытша басқарды. 1816 ж. 24 қазанда Орал қаласында Ресей патшасына ант берді. Шығай билік еткен жылдар халық басына түскен ауыр оқиғалармен қатар келді. 1815 – 1816 ж. болған жұттан қазақ ауылдарының малы қырылып қалды, біраз рулар хандықтан кетуді ойлады. Қалмақтар мен Орал казак-орыстары жерге таласып, Ішкі Орда қазақтарына қысым көрсетті. Дегенмен, орыс көпестерімен сыйлас болған Шығай қол астындағы жұртын жұттан аман алып шықты. Билеуші ретінде ол қарауындағы елді қантөгіске ұшыратпай, бейбіт мәмілегерлік жолмен жер дауын шешу ісіне көп еңбек сіңірді. 1819 ж. малы жұтқа ұшыраған қазақ шаруаларына көмектесуді әрі даулы жерлерді қазақтарға алып беруді өтініп, Орынбор губернаторына хат жазды. Қазақтарды отырықшылыққа баулымақ ниетпен 1820 ж. Каспий теңізінің жағасынан ағаштан қиылған еңселі үй салды. 1822 ж. Орынбор шекара комиссиясынан өзін тұрақты хан етіп ресми тағайындауды талап етті. Бірақ Ішкі Ордада оның ағасы Бөкей хандай беделі бола қойған жоқ. 1824 ж. билікті тақтың заңды мирасқоры Жәңгірге беруге мәжбүр болғаннан кейін Шығай ел билеу ісіне араласпай, қалған өмірін тыныш өткізді.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том Үлгі:Kazakh Khans {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}