Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шығай хан (Кіші жүз)"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (Жаңа бетте: '''Шығай''' (туған жылы белгісіз – 14.11.1825) – сұлтан, Бөкей Ордасының билеушісі (1815 ...)
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
Жол нөмірі 4: Жол нөмірі 4:
 
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]], 9 том
 
[[Қазақ Энциклопедиясы|"Қазақ Энциклопедиясы"]], 9 том
 
{{Kazakh Khans}}
 
{{Kazakh Khans}}
 +
{{Суретсіз мақала}}
 
[[Санат:1825 жылы қайтыс болғандар]]
 
[[Санат:1825 жылы қайтыс болғандар]]

14:10, 2011 ж. желтоқсанның 6 кезіндегі түзету

Шығай (туған жылы белгісіз – 14.11.1825) – сұлтан, Бөкей Ордасының билеушісі (1815 – 1825). Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның баласы. Ағасы Бөкей қайтыс болғаннан кейін хан тағының мұрагері Жәңгір ержеткенше Бөкей Ордасын (Ішкі Орда) уақытша басқарды. 1816 ж. 24 қазанда Орал қаласында Ресей патшасына ант берді. Шығай билік еткен жылдар халық басына түскен ауыр оқиғалармен қатар келді. 1815 – 1816 ж. болған жұттан қазақ ауылдарының малы қырылып қалды, біраз рулар хандықтан кетуді ойлады. Қалмақтар мен Орал казак-орыстары жерге таласып, Ішкі Орда қазақтарына қысым көрсетті. Дегенмен, орыс көпестерімен сыйлас болған Шығай қол астындағы жұртын жұттан аман алып шықты. Билеуші ретінде ол қарауындағы елді қантөгіске ұшыратпай, бейбіт мәмілегерлік жолмен жер дауын шешу ісіне көп еңбек сіңірді. 1819 ж. малы жұтқа ұшыраған қазақ шаруаларына көмектесуді әрі даулы жерлерді қазақтарға алып беруді өтініп, Орынбор губернаторына хат жазды. Қазақтарды отырықшылыққа баулымақ ниетпен 1820 ж. Каспий теңізінің жағасынан ағаштан қиылған еңселі үй салды. 1822 ж. Орынбор шекара комиссиясынан өзін тұрақты хан етіп ресми тағайындауды талап етті. Бірақ Ішкі Ордада оның ағасы Бөкей хандай беделі бола қойған жоқ. 1824 ж. билікті тақтың заңды мирасқоры Жәңгірге беруге мәжбүр болғаннан кейін Шығай ел билеу ісіне араласпай, қалған өмірін тыныш өткізді.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том Үлгі:Kazakh Khans {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}