Шоқыр Бөлтекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Боксшы

Шоқыр Бөлтекұлы (29.10.1916, Жармыш ауылы, Маңғыстау облысы - 06.04.1994, Алматы) — Қазақстанда бокс спортының негізін қалаушылардың бірі.

Өмірбаяны

Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылы 29 қазан күні Маңғыстау облысы, Жармыш ауылында дүниеге келген. Отызыншы жылдардағы ашаршылық, аласапыран тұста Форт-Шевченко қаласындағы жетiмдер үйiнде оқып, орта мектептi бiтiрдi.

Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы жарақаттанып елге оралады. Шоқыр Бөлтекұлы рингте 223 кездесу өткізіп, оның 199-ында жеңіске жеткен. 1947 жылы Киевтегі Көркемсурет академиясын және Дене тәрбиесі институтын бітіреді. 50-ші жылдары Қазақ ССР-інің 3 рет чемпионы атанады.

Шаршы алаңның шаңын қаққан боксшы ізбасар шәкірт тәрбиелеп, боксқа баулу үшін алақандай алаң іздеп, Опера және балет театрының бір бөлмесін сұрап алады. 1937 жылы Шоқыр Бөлтекұлының басшылығымен бокстан Алматы қаласының ресми бiрiншiлiгi өттi. Оған 50 спортшы қатысқан. 1947 жылы Мәскеуде өткен Кеңестер Одағының бiрiншiлiгiне Қазақ елiнiң құрама командасын Шоқыр атамыз бастап барды. Оның мектебiнен Мақсұт Омаров, Әбдiсалан Нұрмаханов, Серiк Әбдiнәлиев, Виктор және Владимир Каримовтар, Асқар Құлыбаев секiлдi талантты шәкiрттер тәрбиеленiп шықты.

Ол республикада жаттықтырушылар қатарының көбеюіне де үлкен үлес қосты. Қуғын-сүргінге ұшырап, Қарлаг-та жүрген жаттықтырушылар Густав Кирштейн (неміс) мен Дәулеткерей Мулаевты (балқар) түрмеден босатып, оларды Алматыға әкеліп жаттықтырушы қызметіне орналасуына көп еңбек сіңірді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Шоқыр Бөлтекұлы 1994 жылы 78 жасында Алматы қаласында дүниеден озды

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}