Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:34, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox Biography Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан (Шота Уәлиханов) (26.4.1932 ж. туған, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауыл) – сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі (2001).

Жыл Оқиға
1956 ж. Мәскеу мемлекеттік сәулетші институтын бітірген
1956 – 65 ж. Қазақ қала құрылысын жобалау институтында, КСРО құрылыс және сәулетші академиясы Қазақ бөлімшесінде сәулетші, кіші ғылымының қызметкері болды
1966 – 67 Алматы қаласы бас сәулетшісінің орынбасары
1967 – 70 Қазақ өнеркәсіп құрылысын жобалау институтының аға ғылымының қызметкері
1971 – 78 ҚР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы төрағасының орынбасары
1976 жылдан ҚР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы төрағасының 1-орынбасары
1973 – 82 Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы
1975 жылдан КСРО Сәулетшілер одағы басқармасының хатшысы
1982 жылдан Қазақ азаматтық село құрылысын жобалау институтында бас сәулетшісі
1990 – 95 ж. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтындағы өнер және сәулетші бөлімінің меңгерушісі
1995 жылдан ҚР Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төрағасы әрі Халықаралық Абылай хан қорының президенті

Жетістіктер

Ш.Ы.Уәлиханов бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштің (басқалармен бірге) авторы. Солардың қатарында: Алматы қаласындағы “Динамо” стадионы (1958), “Универсам” дүкені (1979), “Казгипрозем” үйінің (1983) ғимараттары; Уәлиханов ескерткіші (1969; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1970), Әліби Тоғжанұлы Жангелдин, Бокин Тоқаш (екеуі де 1975), Ғ.Мұратбаев (1984), Шығыс Қазақстан облысы Қарауыл ауылындағы Абай (1970), Көкшетау қаласындағы Т.Бигелдинов (1998), Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы (1999), Астана қаласындағы Кенесары Қасымұлы (2001), т.б. ескерткіштері; Д.Қонаев бюсті (1985), Тәуелсіздік монументі (1996, жоба авторы әрі жетекшісі), т.б. Уәлиханов 1996 ж. Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік елтаңбасы бойынша өткен байқауында ҚР сәулетшілер одағының алтын медалі мен дипломын алды, елтаңба (қараңыз Герб) авторы. Сондай-ақ ол Қазақстан сәулет және бейнелеу өнерінің көкейтесті мәселелерін көтерген көптеген ғылыми мақалалар; сонымен қатар бірқатар драмалық шығармалардың да (“Шоқан”, алғаш рет 1962 ж. қойылған; “Ағнұр”, 1982; “Тағдыр”, 1984; “Террор”, 2000) авторы; бірқатар пьесалары республикалық (Алматы) және облыстық (Көкшетау, Қарағанды, Шымкент) театрлары сахнасында қойылды. Халықаралық сәулетшілер одағының дүниежүзілік 12 – 13, 20-конгрестеріне (Мадрид, 1975; Мехико, 1978; Пекин, 1999) қатысты.

Марапаттары

“Құрмет” орденімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Қысқаша өмірбаяны

1932 ж. сәуірдің 26-ында Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған.

Мәскеу сәулетшілік институтын бітірді.

«Қазақстан қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары,

Қазақстан сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды.

Республикалық тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы.

Шот-Аман Уәлихан — төре руының өкілі, әйгілі қазақ пен ресей ғалымы Шоқан Уәлихановтың бауырының ұрпағы. Қазақ ақыны Бахытжан Қанапияновтың немере ағасы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Негізгі шығармашылық жұмыстары

Марапаттары

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті