Шортанбай Ерубайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына

Шортанбай Ерубайұлы 1842 жылы қазіргі Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Сәкен Сейфуллин атындағы кеңшар орналасқан ауылда туған. Шыққан тегі - Кіші жүздің Табыны, онын ішінде Есен атасынан.

Шортанбай жастайынан ауыл молдасына барып сауатын ашады. Ел арасындағы нақыл, тапқыр шешен сөздерді, мақал-мәтелдерді есіне сақтап, оны өзі және келген жиындарда айтып жүреді. Елдің игі жақсы, би, болыс, естияр қарияларының қасында жүріп, дау-дамайға араласып, өзінің ұтымды, әділ-кесімді сөзімен көзге түседі. Осындай шешен, әділ қасиетінің арқасында оны ел-жұрты би сайлайды. Шортанбай ел сенімін адал ақтайды. Талай жер дауы, жесір дауы барымтагершіліктің түйіні, тағдыры Шортанбай алдынан шешімін тауып, ел алғысына ие болады. Сондай шешендік, билік сөздердің кейбірі мыналар:

Шортанбай қиыннан жол тауып жүйелей сөйлей де, жүйесін тауып орнымен айтылған сындарлы сөзге тоқтай да біледі. Мұндай жағдай ол кісінің өзінің басынан да өтіп, ұтырлы сөзден ұтылып, оны айып тұтпай шын пейілмен мойындаған. Оған мысал мына жай. Қарақойлы Шерімбет сөзге шешен, ойын ойып, ойламаған жерден аяқтан шала астарлап айтатын кісі болған. Сол Шерімбет Шортанбайдың үйіне келіп, жайласа отырып, бір орайлы әңгіменің үзақ сүрлеуіне түсіп кетіп, шешіліп сөйлеп келе жатса, мазаңдаған майда балаларына кейістік білдіремін деп үй иесі әңгіме желісін қайта-қайта үзе беріпті. Сонда Шерімбет:

- Өй, Шортанбай Боқты ошағы жоқ жарымаған үйге бақ та қонбайды. Балаң басыңдағы бағың емес пе?! Неменеге қайта-қайта қаққыштап, өзімнің қадірім мен сөзімнің нәрін кетіресің, - деген екен. Мынадай ұтымды сөзден тосылып калған Шортанбай:

- Апыр-ай, естімеген сөз елде көп екен ғой, - деп жантая беріпті. (Ана тілі. 11 маусым, 1992 жыл).<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шортанбай Ерубайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}