Шолпан Әділжанқызы Бөлекбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы.jpg
Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы

Шолпан Әділжанқызы Бөлекбаева (1956 жыл 26 мамыр Алматы облысы Андреевка селосы) - дәрігер.

Еңбек жолы

  • 1963-1973 жылдары Андреевка селосының №2 орта мектебінде білім нәрімен сусындаған. 1973-1974 жылдары аудандық тубдиспансерде жұмыс істейді. 1974-1980 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында жетік білім алады.
  • 1982-1985 ж.ж. – педиатр-дәрігер, №3 қалалық балалар емханасы, Алматы қаласы;
  • 1985-1987 ж.ж. – хат және шағым бөлімінің инспекторы, Республикалық консультативтік емханадан ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігінде, Алматы қаласы;
  • 1987-1989 ж.ж. – ҒЗИ базасында балалар неврологиясы бойынша клиникалық ординатура, Алматы қаласы;
  • 1989-1991 ж.ж. – невропатолог-дәрігер, №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасы, Алматы қаласы;
  • 1991-1995 ж.ж. - №7 қалалық клиникалық аурухананың ерте жастағы психо-неврология бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы қаласы;
  • 1995 жылдан 2007 жылғы тамыз айына дейін – «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығының бас дәрігері, Алматы қаласы;
  • 2007 жылғы 24 тамыздан бастап «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ – бас директоры, одан әрі басқарма төрайымы қызметін атқарады.
  • 1991-1995 ж.ж. Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас балалар невропатологы;
  • 2002-2005 ж.ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар реабилитологы;
  • 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас медициналық реабилитолог;
  • 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Дәрігерлер мен дәрішілердің Халықаралық Қауымдастығының құрамына кіретін Қазақстан Республикасының балалар реабилитологтары қауымдастығының президенті.

Еңбектері

Әртүрлі журналдар мен жинақтарда 80-нен астам ғылыми мақалалары жарияланды. 2004 жылы «Клиникалық медицина сұрақтары» атты ғылыми мақалалар мен дәрістер жинағы, 2006 жылы «Нейрореабилитацияның өзекті сұрақтары» ғылыми еңбектер жинағы, 2008 жылы «БЦС-да кешенді оңалтудың қазіргі әдістері» атты дәрігерлерге арналған әдістемелік ұсынымдары басылды. 2011 жылдан бастап шығарылатын «Реабилитология сұрақтары» атты ғылыми тәжірибелік журналдың бас редакторы.

Марапаттамалары

Қазақстан Республикасының балалар реабилитологиясының дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін кәсіби маман ретінде Бөлекбаева Шолпан «Шапағат» медаліне, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Қазақстанның дәрігерлері мен дәрішілердің қауымдастығының гауһар төс белгісіне», «Алтын дәрігер» төс белгісіне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медаліне ие болды.

Дереккөздер

<references/>