http://kk.encyclopedia.kz/index.php?title=%D0%A8%D0%B8%D2%BB%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B4%D0%B4%D0%B8%D0%BD_%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D0%B8&feed=atom&action=historyШиһабаддин Маржани - Түзету тарихы2024-03-28T12:45:52ZМына уикидегі бұл беттің түзету тарихыMediaWiki 1.23.15http://kk.encyclopedia.kz/index.php?title=%D0%A8%D0%B8%D2%BB%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B4%D0%B4%D0%B8%D0%BD_%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D0%B8&diff=61854&oldid=prevModerator: 1 түзету2017-04-20T18:15:50Z
1 түзету

← Ескі түзетулер

18:15, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі түзету

(айырмашылығы жоқ)

Moderatorhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php?title=%D0%A8%D0%B8%D2%BB%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B4%D0%B4%D0%B8%D0%BD_%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D0%B8&diff=61853&oldid=prevSibom: clean up, replaced: қ-н → қаласын (2) using AWB2014-01-29T06:41:15Z
clean up, replaced: қ-н → қаласын (2) using AWB

Жаңа бет

'''Маржани Шиһабаддин''' (''Шиһабеддин''), Шиһабаддин ибн Баһаутдин ибн Субхан ибн Абд-әл-Кәрім әл-Маржани (16.1. 1818, Қазан қ. маңындағы Ябынчы а. — 28.6.1889, сонда) — көрнекті '''[[татар]] ойшылы, ағартушы, ғалым, тарихшы'''. Әкесі '''Баһаутдиннің''' Қазан губ-ндағы Ташкичу а-нда ашқан [[медресе]]сінде бастауыш білім алып, '''17 жасынан''' сол медреседе '''тәрбиеші''' болып қызмет етті.

==Өмірбаян==

'''1838 ж.''' білімін тереңдете түсу мақсатында [[Бұхара]] қаласына келіп, онда '''[[Хусаин ибн Мұхаммед әл-Кирмани әл-Қарғали]], [[Абд әл-Мумин өзбақ әл-Афшанчи]]''' секілді әйгілі оқымыстылардан дәріс алады. Қаражат тапшылығын тартқан М. бай-ауқатты аудандардың балаларын оқыту үшін жалдануға, қолжазбаларды көшірумен айналысуға мәжбүр болды.

'''1843 — 45 ж.''' [[Самарқанд]]тағы '''“Ширдор” медресесінде''',

'''1845 — 49 ж.''' [[Бұхара]]дағы '''Мір Араб медресесінде''' ұстаздық етті. М. Бұхара мен Самарқандта болған кезінде '''[[араб]], [[парсы]] тілдерін''' меңгеріп, '''[[әл-Фараби]], [[әл-Бируни]], [[Әбу Әли ибн Сина]],''' т.б. ғұлама ойшылдардың шығармаларымен танысты.

'''1849 ж.''' туған жеріне оралып, [[мешіт]]тің [[имам]]ы және оның жанындағы медресенің [[мударрис]]і болды.

'''1850 ж.''' [[Орынбор]] [[муфти]]лігінің ұйғарымымен [[Қазан мешіті]]нің имамы болып тағайындалды. Ол медресенің ''[[схоластика]] [[философия]]дан'' арылуы керектігін айтып, [[кәламшылар]]ды сынады. Бұл туралы өзінің '''“Назурат ал-хак”''' “(Қазан, 1870), '''“Хакк ал-марифат””''' (Қазан, 1880), '''“Ал-хикмет ал-балиға”''' (Қазан, 1888), '''“Ал-бирак ал-вамид”''' (Қазан 1888), '''“Ал-ғазб ал-фурат”''' (қолжазба) атты кітаптарында жазды. Оның '''“Ет-Тарихатул-есна вел-ақидетул-хусна”''' еңбегі кәламшыларға қарсы бағытталды. М. Ш. ұстанған бағыт '''еркіндікті''' насихаттап, кейбір қажетсіз пәндер мен кітаптарды бағдарламадан алып тастауды, діни оқуда [[ислам]] тарихына көбірек көңіл бөлуді, [[мұсылман]]дардың '''[[Мұхаммед пайғамбар]]''' (ғ.с.) дәуіріндегі '''иман мен сенімге, шынайылыққа''' қайта оралуын қолдады. Ол '''[[В.В. Радлов]], [[Казем-бек Мирза Мұхаммед Али]], [[И.Готвальд]]''' секілді ға-лымдармен араласып, олармен ой бөлісіп отырды. ''[['В.В.Вельяминов-Зернов]]пен''' де байланыс жасап тұрған.

'''1874 ж.''' Қазан ун-ті жанындағы [[археология]], [[тарих]] және [[этнография]] қоғамына мүше болып қабылданды.

'''1877 ж.''' Қазан қаласында ''300-ге жуық'' ғалымдардың қатысуымен өткен [[археолог]]тардың 4-съезінде '''“Бұлғар мелекеті мен Қазан хандығының тарихынан”''' деген тақырыпта '''ғыл. баяндама''' жасады.

'''1880 ж.''' [[қажылық]]қа барады. Осы сапары кезінде [[Александрия]], [[Каир]], [[Измир]], [[Стамбұл]] қ-ларында болып, '''[[Құдуратулла әл-Қундузи]], [[Махмуд-бек әл-Фаллахи]]''' сияқты ғалымдарға жолығып, ортағасырлық шығыс деректерімен танысуға қол жеткізеді. М. '''[[ибн Фадлан]]ның''' еңбектерін, '''[[Әмір Темірдің]]''' '''“Тузлуктарын”''' тауып, олардағы бай материалдарды түркі халықтарының тарихын жазуға пайдаланады. Оның '''“Мұстафад әл-ахбар фи ахуали Қазан уа Бұлғар”''' (Қазан және Бұлғар тарихы үшін жиналған мәліметтер) атты кітабы ғыл. ортада жоғары бағаға ие болды. Онда [[Қазан]], [[Қырым]], [[Астрахан]], [[Сібір хандықтары]], сонымен бірге [[Ақ Орда]], [[Ноғай ордасы]] секілді [[мемлекет]]тер, оларды билеушілердің саясаты, '''[[Шайбани]] және [[Бабыр]] әулеті''' туралы тарихи мәліметтер кеңінен қамтылған. Сондай-ақ осы еңбекте [[қыпшақ]]тар туралы, [[Дешті Қыпшақ]]тағы [[қазақ хандары]] жайлы арнайы тарау да бар. М. халықтың өзін-өзі тануы, тарихи-мәдени дәстүрлерін білуі ғана ұлттық сана-сезімнің орнығуына алып келеді деген пікірде болды. Ол түркі халықтарының өркениетке қосқан үлесін жоғары бағалады. [[Қазан татарлары]]ның шығу тегін [[моңғол]]дармен байланыстыратын концепцияны теріске шығарып, олардың [[Еділ- Кама өңірі]]н ертеден қоныстанған [[бұлғар]]лардың тікелей ұрпағы екендігін дәлелді негіздеп, әрі татарлардың ұлт болып қалыптасуында өзге де [[этнос]]тардың, соның ішінде қыпшақтар мен фин-угор тайпаларының да үлесі бар екендігін атап көрсетті. М-дің '''“Вафиат әл-Аслаф уа тахийат әл-Ахляф”''' (Өткен бабалар өмірінен және олардың ұрпақтарға сәлемі) атты '''7 томдық''' кітабында шығыстың '''6 мыңнан астам''' көрнекті ойшылдарының, [[дін]]и қайраткерлерінің және билеушілерінің өмірбаяны берілген. [[Араб тілі]]нде жарық көрген бұл еңбекте '''ибн Рушд, өлықбек, әл-Фараби, әл-Бируни сияқты ойшылдардың, Баһауаддин ан-Нақшбанди, ибн Хишам секілді діни қайраткерлердің''' өмірлеріне қатысты мол мәлімет бар. М. дінді ғыл. жолмен танып білуге болатынын жақтап, жаратушы құдай идеясын қолдады. [[Ресей империясы]]ндағы [[түркі тілдес мұсылман халықтары]]ның оқу жүйесін заман талабына сай өзгертуді жақтап, [[жәдидшілдік]]тің көрнекті өкіліне айналды. '''Н.И. [[Ильминский]]дің''' [[мұсылман халықтары]]н орыстандыруда халық ағарту ісін пайдалануға ұмтылуына ашық қарсылық танытты. [[Патша өкіметі]]нің [[отаршылдық саясат]]ына қарсы күресуде мұсылмандық ынтымақтастық және түрік бірлігі идеясы маңызды рөл атқарады деп сенді. Ол '''30-дан''' астам еңбек қалдырды. Қазіргі кезде [[Татарстан Республикасы]]ның ұА-на қарасты тарих ин-тына М. есімі берілген.''Д. Қыдырәлі, А. Махаева''

<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

== Әдебиеттер ==

Маржани, Қазан, 1915; Юсупов М.Х., Шигабутдин Марджани как историк, Казань, 1981;

Очерки Марджани о Восточных народах, Казань, 2003;

Хабутдинов А.Ю.,Лидеры науки, Казань, 2003.

==Сілтемелер==

<references />

{{wikify}}

Д. Қыдырәлі, А. Махаева

{{Суретсіз мақала}}

[[Санат:Тұлғалар]]

[[Санат:Тарихшылар]]

{{stub}}
Sibom