Шетелдердегі қазақ тілді радиостанциялар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:40, 2014 ж. сәуірдің 19 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Шетелдердегі қазақ тілді радиостанцияларШыңжанда екі теледидар каналы мен бір радио (Шыңжан халық радио станциясы) тек қана қазақ тілінде жүргізіледі.<ref>Рамазан А. Шетел журналистика тарихы: Оқулық. Алматы. Қазақ Университеті 2006 жыл. ISBN 9965-30-054-2</ref>

Шыңжаң халық Радиосы 1955 жылдан, Шыңжаң телевизиясы 1985 жылдан қазақ тіліндегі бағдарламалар тарата бастаған. Ал 1951 жылдан бастап қазақтың ән-күйлері дыбыс таспаларына жазылып, елдегі халық радиостанцияларынан беріле бастаған.

Сонымен қатар Қытайдың Орталық мемлекеттік радиосы тәулігіне 2 сағат қазақ тілінде ресми хабарлар таратады. Көбінде бұл хабарларда ел және дүниежүзі жаңалықтары беріліп, мемлекеттің саясаты түсіндіріледі. Моңғолия да қазақ тілінде хабар таратуға қамқорлық танытып келеді. Баянөлгейде ірі қазақ станциясы жұмыс істейді.

Елуінші жылдардың ортасынан бастап моңғол радиостанциялары орыс, қытай және қазақ тілдерінде хабарлар бере бастаған. Қазақ тілінде берілген алғашқы хабардың ұзақтығы он бес минут болған. Он бес минуттық хабарларда газеттен алынған дайын ақпараттар оқылып отырған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}