Шежірелі өлке (газет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:14, 2016 ж. шілденің 11 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Газет Шежірелі өлке2001 жылғы 30 тамыздан бері шығып келе жатқан Шалқар аудандық тәуелсіз газет.

Меншік иесі - "Мұрагер" ЖШС. Газет шығаруды ұйымдастырғандар "Мұрагер" ЖШС директоры Берік Тағанов пен редакторы Мұқамбетәли Есмағанбетов. Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінде 2001 жылы 25 шілдеде тіркеліп, №2161-г куәлігі берілген. Газеттің негізгі мақсаты мен бағыты - өз оқырмандарын ұлттық рухани байлықпен сусындату. Өзі жарық көрген уақыттан бері газет Шалқар өңірінен шыққан хандар, батырлар, арулар, билер, шешендер, ғалымдар, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, дін өкілдері жайлы мазмұнды танымдық мақалалар жариялады. "Шежірелі өлке" жастар тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп, олардың шығармашылығына жеткілікті орын беріп отырады. Ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі, құқық, спорт, медицина, дін, мектеп өмірі, т.б. тақырыптар газет мазмұнын айқындай түседі.<ref>"Шалқар" энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Дереккөздер