Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шежірелі өлке (газет)"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
21:04, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Газет Шежірелі өлке — 2001 жылғы 30 тамыздан бері шығып келе жатқан Шалқар аудандық тәуелсіз газет.
Меншік иесі - "Мұрагер" ЖШС. Газет шығаруды ұйымдастырғандар "Мұрагер" ЖШС директоры Берік Тағанов пен редакторы Мұқамбетәли Есмағанбетов. Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінде 2001 жылы 25 шілдеде тіркеліп, №2161-г куәлігі берілген. Газеттің негізгі мақсаты мен бағыты - өз оқырмандарын ұлттық рухани байлықпен сусындату. Өзі жарық көрген уақыттан бері газет Шалқар өңірінен шыққан хандар, батырлар, арулар, билер, шешендер, ғалымдар, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, дін өкілдері жайлы мазмұнды танымдық мақалалар жариялады. "Шежірелі өлке" жастар тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп, олардың шығармашылығына жеткілікті орын беріп отырады. Ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі, құқық, спорт, медицина, дін, мектеп өмірі, т.б. тақырыптар газет мазмұнын айқындай түседі.<ref>"Шалқар" энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Дереккөздер