Шегір би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

23:07, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Шегір би (туған және өлген жылдары белгісіз) — 19 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген би. Орта жүз найман ішіндегі бағаналы руынан.

Әділдігі мен дуалы ауыз шешендігі үшін бағаналының төрт босағасының бірі атанып, елді ауыз бірлікке, татулыққа шақырған. Жасы үлкен билердің өзі күрделі мәселенің төрелігін Шегір биге айтқызатын болған. Батырлар ұрысқа аттанарда арнайы келіп, Шегір биден бата алған. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 том</ref> Шегір би әділдігі мен дуалы ауыз шешендігі үшін Найман Бағаналының төрт босағасының бірі атанған. Руы — Бағаналынын Ақтаз бұтағы. Елді ауыз бірлікке, татулыққа шақырған. Жасы үлкен билердің өзі күрделі мәселенің төрелігін Ш. б-ге айтқызатын болған. Шегір бидің: «Қасиетті Кәдіраға, Ұлытаудың күн сүйген шығысын сізге, батыс бетін Бабыр көкеме, теріскейін Сандыбай ағама, өзіме оңтүстік-шығысын еншіге бөлдім» дегені, сондай-ақ «Ұлытау жерін құдай жаратты, бөлуін Шегір болді» деген сез ел жадында сақталып қалған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Ұлытауда «төрт босаға» деген ұғым бар. «Төрт босаға» дегеніміз – төрт би. Олар – аға сұлтан болған Ерденнің әкесі Сандыбай, Қадір би, Шегір би, Бабыр би. Төртеуі Ұлытаудың төрт бұрышын күзетіп, ел ішін әділдікпен билеген. Ел іші болған соң, жер дауы, жесір дауы, барымта дегендей, дау-дамай болмай тұрмайды, әрине. Ілуде бір сондай дау қуған жандардың аяғы Ұлытауға іліксе, қуғыншы келген тұста отырған бидің ауылы алдынан ақ үй тіктіріп, қой сойып қарсы алатын бопты. Жата-жастанған қонақтың көңілі әбден жайланды-ау деген күні төрт би түгелімен «Ассалаумағалейкүм!» деп есіктен кіріп келеді екен. Атақты төрт бидің бәрі алдына сау етіп кіріп келіп, керек жерінде түйінді мәселенің төрелігін айтқан соң, дау қуып келушілер айтар сөзін айта алмай абдырап, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дескен осы екен ғой деп, қайта өздері ат-тон айыбын төлеп құтылатын болыпты. Бабыр би – соқыр адамның көзін ашатын емші, көріпкел болған, сүйегі Түркістанда, Әзірет Сұлтан кесенесінің қасына жерленген. Әйелдер босана алмай қиналғанда, Бабыр би бір Аллаға жалбарынып, қамшысын жоғары қарай сілтеп қалғанда, іште жатқан бала шар етіп жарық дүние есігін ашатын болыпты, дейді ел ішіндегі аңыз. Академик Төрегелді Шарманов – осы атақты Бабыр бидің ұрпағы. Қадір би мен Шегір бидің сүйегі Кішітауда жатыр.

Ұлытау өңiрiн мекендеген қалың бағаналы найманның төрт босағасы – төрт тiрегiнiң бiрi – Шегiр би жөнінде қазақ этнотарихының бiлгiрi Ақселеу Сейдiмбек «Балталы, Бағаналы ел аман бол» атты шежiре кiтабында былай деп жазады: «Билiктi Қадiр биге жүктеген екен, алайда ол ағайынның көңiлiне қарап, өздерiң бөле берсеңдершi» дептi. Сонда Шегiр отырып: «Екi Кеңгiрдi Сары Сарғалдақ пен Жырық алсын (мұнысы Сарыкеңгiр мен Қаракеңгiрдi Ерден мен Қадiр би алсын дегенi), екi Жездiнi Ибеске мен Жұртшы алсын (мұнысы Үлкен Жездi мен Бала Жездiнi Бабыр елi қоныстансын дегенi), Ырғайлы өзенi мен Байқоңыр өзенiн Ақтазға берiңдер (мұнысы өзiн айтқаны)», – дептi. Сонда Қадiр би: «Оу, Бозжорға-ау (Шегiрдi осылай атайды екен), мұның не?» – дейдi. Бұған Шегiр: «Қалағаныңды өзiң ал, тастағаныңды iнiңе бер», – деп жауап берiптi. Осымен бiтiмге келiп, келiсiммен тарқасып едi», – дейдi.

Осы билiктен кейiн: «Ұлытауды жаратуын Құдай жаратқанмен, бөлуiн Шегiр бөлген» – деген сөз қалған.

Алаштың аяулы ақыны Кәкімбек Салықов бір өлеңінде:

«Сандыбай мен Кәдір,
Шегір, Бабырды,
Еске салып тау
қарайды сабырлы.
Төрт босаға –
төрткүл дүние елестеп,
Бола түсті бүкіл
аймақ қадірлі» дейді.

Кәкімбек ақынның осы өлеңіне күйші-композитор, толғаушы Шәміл Әбілтай кезінде ән де жазған. Не десек те, аңызға айналған Бағаналының «төрт босағасы» – ынтымақ пен ауыз біршіліктің, татулықтың ғажап үлгісі.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}